Уәлиханов ауданы Кішкенекөл селосының көше атауларын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Уәлиханов ауданы Кішкенекөл селосының көше атауларын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзің-өзі басқару туралы» Қазақстан Ресупубликасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 Заңы 35-бабы 2-тармағы, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, «Кокчетавский» көшесінің тұрғындарының өтінуін негізге ала отырып, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығын мерекелік тойы қарсаңында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
Тармақ 1
1. СҚО, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл селосының «Кокчетавский» көшесінің атауын Ұлы Отан соғысының ардагері Мырзахмет Ғибадилов атындағы көшеге ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Уәлиханов ауданының әділет басқармасында тіркеуге жіберілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кішкенекөл селолық округі әкімі аппаратының ұйымдастыру – бақылау, іс жүргізу және кадр сұрақтары бойынша бас маман Е.Тукебаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.