Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы
ҚАЗТұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28-2
- Қабылданған күні
- 16.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 12.04.2012 · қолданыстағы AI52470_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 12.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10ZL000088
- ЭКБ идентификаторы
- 52470
- Редакция идентификаторы
- AI52470_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:26
0 Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасы бекітілсін.
2 2. Теректі аудандық мәслихаттың келесі шешімдері күші жойылды деп танылсын:
1
1) "Теректі ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін ұсынудың тәртібі мен мөлшері туралы Ережесін бекіту туралы" Теректі аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 қазандағы N 3-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 7-12-49, 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 84 "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газетінде жарияланған);
2
2) "Теректі аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 қазандағы N 3-2 "Теректі ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін ұсынудың тәртібі мен мөлшері туралы Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Теректі аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 15 қыркүйектегі N 13-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 7-12-67, 2008 жылғы 6 қарашадағы NN 62-63 "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газетінде жарияланған).
3 3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Теректі аудандық мәслихатының
2010 жылғы 16 сәуірдегі
N 28-2 шешімімен бекітілді
Тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері мен тәртібі туралы
Қағида
Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес әзірленді және аз камтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегінің мөлшері мен тәртібін белгілейді.
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде, аз қамтамасыз етілген отбасының бір айда қатты отынды, сұйықталған газ коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
отбасының жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
уәкілетті орган - "Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган).
2 2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Теректі ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді, қатты отын (көмір, отын) және тамақ пісіруге сұйықталған газ тұтынуға;
байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйді меншік үйелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне ақы төлеуге беріледі.
Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
3 3. Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
2 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
4
4. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде, қатты отынды, сұйықталған газ коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа жиынтық кірісіне 15 % мөлшерінде.