О закреплении приписных охотничьих хозяйств области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың бекітілетін аңшы шаруашылықтарын бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.07.2001 № 26 қаулысымен. Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсіру және пайдалану туралы» 1993 жылғы 21 қазандағы № 2463 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Орман, балық және аң шаруашылығы комитетін құру туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 382 Қаулысына сәйкес, облыста аң аулауды реттеу мақсатында және аң ауланатын жерлерді бекіту жөніндегі бұдан бұрын қабылданған шешімдердің мерзімдерінің өтуіне байланысты ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Аңшылықты пайдаланушылармен, аудандар әкімдерімен, облыстық жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауды, өсіруді және пайдалануды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттік бақылау инспекциясымен келісілген облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасының аң ауланатын жерлерді бекіту мерзімін № 1 қосымшаға сәйкес 2009 жылға дейін ұзарту туралы ұсынысы қабылдансын.
Тармақ 2
2. Кейбір жалға алушылардың беркітілген аңшылық жерлерді одан әрі пайдаланудан бас тартуына және аңшылық жерлерді пайдалану жөніндегі келісімдерді бұзуларына байланысты бұрын облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамына бекітілген 8 аңшы шаруашылығы жалпы пайдаланылатын аңшылық жерлер (мемлекеттік резервтік аңшылық қор) категориясына көшірілсін (№ 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы: - алынатын аңшылық шаруашылықтарындағы күрделі құрылыстарды сақтау және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес олардың құнын бұрынғы иелеріне қазіргі құқық иеленушілерінің өтеу мәселелерін қарастырсын; - осы шешіммен аңшылық жерлерін пайдаланушыларға бекітілген жерлердің жоспар-сызбаларын әзірлесін; - қажет болган жағдайда аңшылық шаруашылықтарына жетекшілік ету құқығын негізгі жер пайдаланушылармен келісіп отырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасына: - жалпы пайдаланылатын аңшылық жерлерді қорғауды және жануарлар дүниесінің есебін жүргізуді қамтамасыз ету; - аңшылық жерлерді пайдаланушылармен жасалған келісімдерде олардың жануарлар дүниесін қорғау, өсіру және ұтымды пайдалану, беркітілген аң аулайтын жерлерде ішкі шаруашылық аңшылық шараларын уақытында өткізу жөніндегі белгіленген талаптарды орындауларын көздеу; - аңшылық жерлерді пайдаланушылардың келісімдік міндеттемелерді орындауларына бақылауды қамтамасыз ету міндеттелсін.
Тармақ 5
5. Облыстық жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауды, өсіруді және пайдалануды, сондай-ақ ерекше қорғалатын аумақтарды мемлекеттік бақылау инспекциясы, аудандар әкімдері облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасының және аңшылық жерлерді пайдаланушылардың табиғат қорғау заңдарын сақтауларына бақылауды күшейтсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімі орынбасарының кеңесшісі В. П. Нееловке жүктелсін.
Тармақ 7
7. Облыс әкімінің «Облыстың аңшылық жерлерін бекіту туралы» 1995 жылғы 21 тамыздағы № 153 қаулысының және облыс әкімінің «Динамо» облыстық кеңесінің аңшылық жерлерді пайдалану мерзімі туралы» 1996 жылғы 4 шілдедегі № 108 шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Басқа 8. Аңшылық шаруашылықтарды облыстың аң аулайтын жерлерді пайдаланушыларына 2009 жылға дейінгі мерзімге бекіту
Облыс әкімінің 1999 жылғы «7» мамырдағы № 91 шешіміне № 1 қосымша Аңшылық шаруашылықтарды облыстың аң аулайтын жерлерді пайдаланушыларына 2009 жылға дейінгі мерзімге бекіту № Аңшылық шаруашылығының атауы Аңшылық шаруашылығының тұрған жері, оның шекарасы Жер көлемі Аңшылық жерлерді пайдаланушы Жалға алушы АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫ 1. Дөңгелек Солтүстіктен оңтүстікке қарай: Чапай-Жалпақтал трассасынан 100 № 53 лиманды қоса алғанда Тамонға дейін. Батыстан шығысқа қарай: Көшім өзенінен Грачи-1 өзеніне дейін 52954 Облыстық аңшылар және балықшылар қоғамы (ОАжБҚ) «Зенит» АҚ 2. Горячинск Солтүстіктен оңтүстікке қарай: п. Феофановтан п. Мергенге дейін Батыстан шығысқа қарай: 165000 ОАжБҚ Аудандық аңшылар балықшылар қоғамы 3. Кожехаров Солтүстіктен оңтүстікке қарай: п. Самалдан Чапаев орман питомнигіне дейін. Батыстан шығысқа қарай: Орал-Чапаев трассасынан Орал өзеніне дейін 11000 ОАжБҚ «Батыстрансгаз» АҚ 4. Тайпақ Солтүстіктен оңтүстікке қарай: п.Алмалыдан, п.Харькинге дейін. Батыстан шығысқа қарай: Жалпақ қыстағанан Орал өзеніне дейін 320000 Облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы Тайпақ орман шаруашылығы 5. Котельников Солтүстіктен оңтүстікке қарай: п.Лебедоктан, п.Алмалыға дейін. Батыстан шығысқа қарай: Бағырлай өзенінен Орал өзеніне дейін, № 46 лиман 73500 Обл. ІІБ «Динамо» спорт қоғамы 6. Киров мемлекеттік аңшы шаруашылығы Солтүстіктен оңтүстікке қарай: п.Степнойдан Көшім өзенінің үстімен п.Бітікке дейін. Батыстан шығысқа қарай: Первомай арнасынан «Орал-Атырау» трассасына дейін 260000 Облыс әкімінің аппараты ШарБ Бөрлі ауданы 7. Бөрлі Солтүстіктен оңтүстікке қарай: Орал өзенінен Утва және Елек өзендерінің арасымен ауданның шекарасына дейін. Батыстан шығысқа қарай: аудан шекарасынан Шыңғырлау ауданымен шекараға дейін 509000 ОАжБҚ ААжБҚ ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫ 8. Жаңақала 1 учаске. Солтүстіктен оңтүстікке қарай: п.Красногорскіден, п.Кармановкаға дейін. Батыстан шығысқа қарай: п.Қызылбастан Көшім өзеніне дейін 2 учаске. Солтүстіктен оңтүстікке қарай: п.Жаңақаладан оңтүстікке қарай 15 км. Батыстан шығысқа қарай: п. Көккөзден Қазыбайға дейін 69410 ОАжБҚ ААжБҚ Зеленов ауданы 9. Зеленов Солтүстіктен оңтүстікке қарай: облыс шекарасынан темір жолға дейін. Батыстан шығысқа қарай: п.Цыгановодан, п.Гремячийге дейін 103300 АОжБҚ ААжБҚ 10. Приурал 1 учаске Солтүстіктен оңтүстікке қарай: облыстың шекарасынан Орал-Кирсаново трассасына дейін. Батыстан шығысқа қарай: Орал-Бұзұлық трассасынан облыстың шекарасына дейін. 2 учаске Солтүстіктен оңтүстікке қарай: Орал-Кирсаново трассасынан Орал өзеніне дейін. Батыстан шығысқа қарай: п. Трекинодан Озерное поселкесіне дейін 313556 ОАжБҚ ААжБҚ 11. Фрунзе Солтүстіктен оңтүстікке қарай: турбазадан Балаган поселкесіне дейін. Батыстан шығысқа қарай: су жинағыштан Орал өзеніне дейін 43000 ОАжБҚ Қазталов ауданы 12. Балықты Балықты көлінен және оған іргелес жатқан жерлерден тұрады. 35150 ОАжБҚ «Автокомбинат» АҚ 13. Казталов Солтүстіктен оңтүстікке қарай: Қазталов-Жалпақтал трассасынан Бостандық ауылына дейін. Батыстан шығысқа қарай: Әжібай ауылынан Қоныс ауылына дейін 19000 ОАжБҚ ААжБҚ Сырым ауданы 14. Жымпиты Солтүстіктен оңтүстікке қарай: Аралтөбе ауылына Жетікөлге дейін. Батыстан шығысқа қарай: п. Жымпитыдан, п.Бұлдыртыға дейін 288000 ОАжБҚ ААжБҚ Тасқала ауданы 15. Камен Солтүстіктен оңтүстікке қарай: Аяқ ауылынан Киров-Шежін каналына дейін. Батыстан шығысқа қарай: Шежін-2 өзенінен п. Қисықсайға дейін 22000 ОАжБҚ ААжБҚ Теректі ауданы 16. Қамыскөл Солтүстіктен оңтүстікке қарай: п.Байқаннан Чемберге дейін. Батыстан шығысқа қарай: Орал өзенінен, Орал-Индер трассасынан дейін. 13600 ОАжБҚ 17. Шалқар Солтүстіктен оңтүстікке қарай: Орал-Жымпиты трассасынан Шалқар көліне дейін. Батыстан шығысқа қарай: п. Аңқатыдан Кіші Аңқаты өзеніне дейін 40000 ОАжБҚ 18. Теректі Солтүстіктен оңтүстікке қарай: Орал өзенінен Орал-Федоровка трассасына дейін. Батыстан шығысқа қарай: Ақсуат ауылынан Красная школа ауылына дейін 27500 ОАжБҚ ААжБҚ 19. Луговое Солтүстіктен оңтүстікке қарай: Барбастау өзенінен Ақжайық санаторийіне дейін. Батыстан шығысқа қарай: Орал өзенінен Орал-Ақжайық трассасына дейін 18600 ОАжБҚ «Би-телеком» өнеркәсіптік құрылыс телефон компаниясының Орал филиалы 20. Қызылжар Солтүстіктен оңтүстікке қарай: Шағатай ауылынан Байқан ауылына дейін. Батыстан шығысқа қарай: Орал өзенінен Орал-Индер трассасына дейін 18000 ОАжБҚ «Орал өндірістік қабырғалық материалдар бірлестігі» АҚ 21. Есенсай Солтүстіктен оңтүстікке қарай: п.Чемберден Қарауылтөбеге дейін. Батыстан шығысқа қарай: Орал өзенінен «Орал-Индер» трассасына дейін 76000 ОАжБҚ «Уральскпромстрой» ҰК 22. Покатилов Солтүстіктен оңтүстікке қарай: темір жолдан Ұзынкөл ауылына дейін. Батыстан шығысқа қарай: п.Новоавловкадан бастап 35000 ОАжБҚ ААжБҚ Орда ауданы 23. Орда Солтүстіктен оңтүстікке қарай: Жәнібек ауданымен шекарадан Орда ауылына дейін. Батыстан шығысқа қарай: Қарағаш өзенінен Горькая өзеніне дейін 48000 ОАжБҚ ААжБҚ Шыңғырлау ауданы 24. Қарағаш мемлекеттік аңшы шаруашылығы Солтүстіктен оңтүстікке қарай: Ақсуат пен Новопетровқа ауылдары арасындағы автожолдан Бұлдырты мен Шилі өзендерінің құйылысына дейін. Батыстан шығысқа қарай: Бұлдырты өзенінен Шилі өзеніне дейін 17700 Облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы Шыңғырлау орман шаруашылығы 35. Шыңғырлау 1 учаске. Солтүстіктен оңтүстікке қарай: Елек өзенінен темір жолға қарай: Батыстан шығысқа қарай. Бөрлі ауданының шекарасынан Ащы өзеніне дейін. 2 учаске. Солтүстіктен оңтүстікке қарай: темір жолдан Тасмолаға дейін. Батыстан шығысқа қарай: Ащы өзенінен Елек өзеніне дейін 168100 ОАжБҚ ААжБҚ
Басқа 9. Жалпы пайдаланудағы аңшылық жерлер категориясына көшірілген аңшылық шаруашылықтарының (мемлекеттік аңшылық қоры) тізбесі
Облыс әкімінің 1999 жылғы «7» мамырдағы № 91 шешіміне № 2 қосымша Жалпы пайдаланудағы аңшылық жерлер категориясына көшірілген аңшылық шаруашылықтарының (мемлекеттік аңшылық қоры) тізбесі № Аңшылық шаруашылығының атауы Аңшылық шаруашылығының тұрған жері, оның шекарасы Жер көлемі Аңшылық жерлерді пайдаланушы Жалға алушы 1. Алғабас Солтүстіктен оңтүстікке қарай: п. Бесовтан п. Тельновқа дейін. Батыстан шығысқа қарай: Дюрин тармағынан Первомай каналына дейін 56000 ОАжБҚ 2. Каленов Солтүстіктен оңтүстікке қарай: Мерген ауылынан п. Лебедкаға дейін. Батыстан шығысқа қарай: Сарай каналынан Орал өзеніне дейін 92900 «Металлист» зауыты Жаңақала ауданы 3. Фокеев Солтүстіктен оңтүстікке қарай: Мухор өзенінен Мұстафаға дейін. Батыстан шығысқа қарай: Тастықұлақтан Қазанқұлаққа дейін. 30000 ОАжБҚ Иесіз, бұрынғы жалға алушысы ААжБҚ Жәнібек ауданы 4. Жәнібек Солтүстіктен оңтүстікке қарай: Қайрат ауылынан Ұзынкөлге дейін. Батыстан шығысқа қарай: Жәнібек поселкесінен Ащыөзек өзеніне дейін. 75000 АОжБҚ Иесіз, бұрынғы жалға алушысы ААжБҚ Қазталов ауданы 5. Жалпақтал Солтүстіктен оңтүстікке қарай: Киров-Шежін каналынан жоғары 10 км. нүктеден каналға дейін. Батыстан шығысқа қарай: Қайрат ауылынан Қисықсайға дейін. 79600 ОАжБҚ иесіз, бұрығы жалға алушысы ААжБҚ Зеленов ауданы 6. Ростоша Солтүстіктен оңтүстікке қарай: п. Ливкинодан п. Росташаға дейін. Батыстан шығысқа қарай: п.Гремячийден п.Кордонға дейін 4600 ОАжБҚ иесіз, бұрынғы жалға алушысы ААжБҚ Орал қаласы 7. Селекционное Солтүстіктен оңтүстікке қарай: Деркул өзенінен Орал-Камен трассасына дейін. Батыстан шығысқа қарай: п.Кордоннан п.Маштаковаға дейін. 6200 ОАжБҚ иесіз, бұрынғы жалға алушысы ААжБҚ Сырым ауданы 8. Сарыкөл Солтүстіктен оңтүстікке қарай: Жамбыл ауылынан Жарқұдыққа дейін. Батыстан шығысқа қарай: Ащысай- Өлеңтіден Шідерті өзеніне дейін 70000 ОАжБҚ иесіз, бұрынғы жалға алушыс механикалық зауыт