О защите прав потребителей Қолданыста Заң ·№ 274-IV ·04.05.2010
04.02.2026 редакциясы
Қолданыста · 04.02.2026 редакциясы

33-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының)иелігінде бақылау-кассалық машинаның және омырау карточкасының болуы міндеттері

О защите прав потребителей · № 274-IV

1. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) бақылау-кассалық машинаны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда қолдануға міндетті. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) бақылау-касса машиналары тұрған жерде тұтынушының бақылау (тауарлық) чегін алу қажеттігі және бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібі бұзылған жағдайда оның мемлекеттік кіріс органына жүгіну құқығы туралы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты орналастырады.
2. Сатушы тауарды сату (жұмысты орындау жөніндегі, қызмет көрсету жөніндегі) жөніндегі қызметті тікелей жүзеге асыратын жеке тұлғада оның тегі, аты және әкесінің аты (бар болғанда) жазылған және фотосуреті бар омырау карточкасының (бейджінің) болуын қамтамасыз етеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-52483/st-33/