О защите прав потребителей Қолданыста Заң ·№ 274-IV ·04.05.2010
04.02.2026 редакциясы
Қолданыста · 04.02.2026 редакциясы

42-3-бап. Тұтынушылардың заңды мүдделерін білдіретін өкілдер

О защите прав потребителей · № 274-IV

1. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау кезінде мыналар олардың өкілдері бола алады:
1) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар);
2) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын заң консультанттары;
3) адвокаттар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де тұлғалар.
2. Тұтынушылардың заңды мүдделерін білдіретін өкілдер тұтынушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (зиянды) өтеу үшін қажетті шараларды қолдана отырып, өз міндеттерін тиісінше орындауға міндетті.
3. Тұтынушылардың заңды мүдделерін білдіретін өкілдер тұтынушыға қаржылық шығындардың сипаты мен мөлшерін қоса алғанда, көрсетілетін өкілдік қызметтердің ықтимал нәтижелері мен салдарын түсіндіруге міндетті. Тұтынушылардың заңды мүдделерін білдіру көрсетілетін өкілдік қызметтерді қайтару мерзімдері, сомасы және шарттары, сондай-ақ тұтынушы атынан өкіл жасайтын әрекеттер тізбесі міндетті түрде көрсетіле отырып, жазбаша нысанда ресімделеді. Тұтынушылардың заңды мүдделерін білдіру бойынша қызметтер көрсету шараларын таңдау тұтынушының мүдделерін басшылыққа алуға тиіс.
4. Тұтынушылардың заңды мүдделерін білдіретін өкілдер міндеттерін орындау кезінде мүдделер қақтығысын болдырмау бойынша шаралар қолданады.
5. Тұтынушының заңды мүдделерін білдіретін өкілге мүдделер қақтығысы болған жағдайда өкілдік қызметтер көрсетуге тыйым салынады. Тұтынушының заңды мүдделерін білдіретін өкіл, егер:
1) тұтынушы және өкіл, оның жақын туыстары мүдделерінің қақтығысы бар болған, сондай-ақ мүдделер қақтығысын құрайтын басқа да мән-жайлар болған;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында көзделген негіздер бар болған жағдайда, өкілдік қызметтер көрсетуден бас тартуға міндетті.
6. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) тұтынушылар мүддесінде сотта қарау үшін жіберетін талап арыздарға мемлекеттік баж салынбайды.
7. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) мен заң консультанттарының палаталары да тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халыққа консультациялық көмек көрсету және тұтынушыларға өздерінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруде өкілдік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тұтынушыларға консультация беруді жүзеге асырады.
8. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша консультациялық көмек және өкілдік қызметтер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде: 1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерді алатын адамдарға; 2) атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдарға;
3) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға;
4) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
5) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;
6) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға;
7) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға;
8) қиын әлеуметтік және қаржылық жағдайдағы өзге де адамдарға көрсетіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-52483/st-42-3/