Жамбыл ауылдық округі Жеміс-жидек ауылындағы Мира көшесінің атын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жамбыл ауылдық округі Жеміс-жидек ауылындағы Мира көшесінің атын өзгерту туралы Жамбыл ауылдық округі Жеміс–жидек ауылындағы Мира көшесінің тұрғындарының пікірін ескеріп және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауылдық округі, Жеміс-жидек ауылындағы Мира көшесінің аты Жұмабек Айтимбетов атындағы көшесі болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.