О переименовании улиц в селе Уленты и присвоении наименований улицам станций Уленты и Коржынколь Улентинского сельского округа Ерейментауского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ерейментау ауданы Өлеңті селолық округінің және Өлеңті селосының көшелерінің атауын өзгерту және Өлеңті мен Қоржынкөл станцияларының көшелеріне атаулар беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, тұрғындардың пікірлерін есепке ала отырып, Өлеңті селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Өлеңті селосының көшелерінің атаулары өзгертілсін: Студенческая көшесі Тоқмағанбет Хазрет атындағы көшеге; Целинная көшесі - Тың көшесіне; Пионерская көшесі - Әлия Молдағұлова атындағы көшесіне; Советская көшесі - Қапбас Жаниев атындағы көшесіне; Мира көшесі - Бейбітшілік көшесіне; Ленина және Дружба көшелерінің бірлесу жолымен - Тәуелсіздік көшесіне; Приозерная көшесі - Достық көшесіне.
Тармақ 2
2. Өлеңті станциясы көшелеріне атаулар берілсін: № 1 көшесі - Қаныш Сатбаев атына; № 2 көшеге - Жастар атауы берілсін.
Тармақ 3
3. Қоржынкөл станциясы көшесіне атау берілсін: № 1 көшесі - Саққұлақ Би атына.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Ерейментау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Б.Әдірешев «Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Н.К.Бәтенов