О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения Қолданыста
Басқа 0
Күндiзгi білім беру ұйымдарының оқушыларына қала ішіндегі қоғамдық көлiктерде (таксиден басқа) жол жүрулеріне жеңiлдiк беру туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi "Бiлiм туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабы 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес келтіру мақсатында, Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Теміртау қаласының келесi санаттағы оқушыларына 2010 жылы қала iшiндегi қоғамдық көлiктерде (таксиден басқа) жүрулеріне жеңiлдiк белгiленсiн:
Тармақша 1
1) Теміртау қаласының жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының бiрiншi сыныптан сегiзiншi сыныпқа дейiнгi сынып оқушыларына (жазғы кезеңді 2010 жылдың 1 маусымынан 31 тамызға дейiнгi аралықты есептемегенде) тегін жол жүру;
Тармақша 2
2) жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының, кәсібі лицейлердің тоғызыншы сыныптан он бiрiншi сыныпқа дейiнгi сынып оқушыларына, колледждер оқушыларына (тоғызыншы сынып базасында оқитындарға, бірінші және екінші курс оқушыларына) тиісті тарифтің 50 % төлеу (жазғы кезеңді 2010 жылдың 1 маусымынан 31 тамызға дейiнгi аралықты есептемегенде);
Тармақша 3
3) кәсіби лицейлерде, колледждерде (он бiрiншi сынып базасында оқитын) және меншіктің барлық түріндегі жоғарғы оқу орындарының күндiз оқитын тұлғаларына тиісті тарифтің 50 % төлеу (жазғы кезеңді 2010 жылдың 1 маусымынан 31 тамызға дейiнгi аралықты есептемегенде).
Тармақ 2
2. Теміртау қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 5 қаңтардағы N 24/4 "Күндiзгi білім беру ұйымдарының оқушыларына қала ішіндегі қоғамдық көлiктерде (таксиден басқа) жол жүрулеріне жеңiлдiк беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-3-92 тіркелген, "Теміртау" газетінің 2010 жылдың 24 ақпандағы N 8, "Зеркало" газетінің 2010 жылғы 17 ақпандағы N 7 жарияланған) шешімі күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Владимир Павлович Дмитриев).
Тармақ 4
4. Осы шешім оны ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енеді.
КЕЛІСІЛДІ
"Теміртау қаласының білім беру,
дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
А.Д. Ахметов
22 сәуір 2010 жыл