Вопросы обеспечения безопасности на транспорте Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 04.12.2006 № 383 қаулысымен. Көлік кешені жұмысының қауіпсіздігін арттыру және атқару органдары мен ұйымдардың көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі іс-әрекетін үйлестіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. №1 қосымшаға сәйкес құрамда көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссия туралы ереже бекітілсін (№2 қосымша).
Тармақ 3
3. Аудандар мен Орал қаласының әкімдері көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аудандық комиссиялар құрып, комиссия төрағасының функцияларын әкімнің орынбасары - төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның төрағасына немесе аудан/қала/ әкімінің жол шаруашылығы және көлік мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Қала мен аудандар әкімдеріне 1998 жылғы 1 тамызға дейін көліктегі апатты азайту, қалалар мен поселкелердің көшелік желісін қайта құру және дамыту, жол қозғалысын реттеудің механикалық құралдарын тиісті дәрежеде ұстау жөніндегі кешендік шараларын әзірлеп, бекітуге ұсынсын.
Тармақ 5
5. "Оралавтожол” қазыналық кәсіпорны (Оразов) 1998-2000 жылдар ішінде көпірлер мен басқа да инженерлік құрылыстардың жолдық элементтерін тиісті жағдайға келтіру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеп жүзеге асырсын.
Басқа 6. Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссияның құрамы
Облыс әкімінің 1998 жылғы 5 маусымдағы № 88 шешіміне № 1 қосымша Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссияның құрамы А.Ф.Маючий - облыс әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы А.Л.Үмбеталиев - облыстық көлік инспекциясының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары В.И.Маковский - жол полициясының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: А.И.Бирюков – облыстық санитарлық-эпидемиялық станцияның бас дәрігері С.Г.Ғалиев - облыстық жолаушылар тасымалдау басқармасының бастығы А.Е.Жаманбаев - облыс әкімі аппаратының мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі А.С.Жабалбаева - облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары К.С.Ешматов - облыстық әділет басқармасы бастығының орынбасары Ғ.Х.Қапақов - облыс әкімі бірінші орынбасарының кеңесшілер тобының жетекшісі А.Д.Квитков - жүргізушілер Одағы облыстық кеңесінің төрағасы Ш.М.Қадырбеков - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Е.С.Қатаев - облыстық білім басқармасының бастығы Г.Қ.Мұқатаев – облыстық әскери комиссар Н.С.Назаров - жол қауіпсіздігі қорының директоры А.А.Сатыбалдиев - Батыс Қазақстан темір жолы Орал филиалының директоры С.Х.Оразов – «Оралавтожол» қазыналық кәсіпорнының директоры Н.С.Өтешев – облыстық экология және биоқорлар басқармасының бастығы Қ.Ғ.Шалабаев – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы К.А.Федотов – облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың бастығы
Басқа 7. Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Облыс әкімінің 1998 жылғы 5 маусымдағы № 88 шешіміне № 2 қосымша Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі-Комиссия) көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, облыстық және аймақтық бағдарламаларды әзірлеумен және іске асырумен, осы мақсаттарға бөлінетін қаражатты тиімді пайдаланумен байланысты мәселелер жөніндегі комитеттер мен басқармалардың өзге де облыстық және жергілікті атқарушы органдардың, меншік нысанына қарамастан, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, ғылыми, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметтік үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге арналған консультативтік-кеңесші облыстық орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады: көліктегі аварияның себептерін зерделеу мен талдау және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу; көліктегі аварияны азайту жөніндегі мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды, жобалар мен шараларды әзірлеу мен іске асыруға көмектесу және басымдықтарды анықтау; ғылыми-техникалық әлеуеттің және олардың материалдық-техникалық ресурстармен және бюджеттік қаржыны дамытуға көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басым бағыттарына автомобиль және темір жолдарын, аэродромдарды (әуежайларды), теңіз және өзен порттарын, қалалар мен елді мекендердің көше жүйелерін салу мен қайта жаңарту бағдарламаларында, жылжымалы құрамның техникалық сипаттамаларын жақсартуда, көліктегі қозғалысты реттейтін қазіргі заманғы техникалық құралдарды енгізуде, көлік құралдарын жүргізушілердің кәсіби деңгейін көтеруде, Жол полициясы департаментінің қызметкерлері мен көлік құралдарын жүргізушілерді жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйретуде шоғырландыруға көмектесу; Қазақстан Республикасының көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қолданылып жүрген заңдары мен нормативтік актілеріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды дайындауға қатысу; комитеттер мен басқармалардың және басқа да облыстық және жергілікті атқарушы органдардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және қоғамдық бірлестіктердің көлік оқиғаларының алдын-алу және олардың зардаптарының ауыртпалығын төмендету мәселелері жөніндегі жұмыс тәжірибелерін зерделеу, осы жұмыстың оң тәжірибесін тарату; комитеттер мен басқармалардың өзге де облыстық және жергілікті атқарушы органдардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын талдау және көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу; көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жергілікті, ведомстволық қызметтерге және қоғамдық бірлестіктерге жәрдемдесу мен көмек көрсету; бұқаралық ақпарат құралдары арқылы барлық жас деңгейіндегі халыққа жол қауіпсіздігі ережелерін оқытуға, жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі білімді насихаттауға жәрдемдесу; көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі алдынғы қатарлы шетел тәжірибесін зерделеу, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің халықаралық ұйымдастырушылық тетіктерін енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау.
Тармақ 3
3. Комиссияның: комитеттер мен басқармалардан өзге де облыстық және жергілікті атқарушы органдардан олардың көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметтерін бейнелейтін деректерді сұратуға және алуға; комитеттер мен басқармаларда өзге облыстық және жергілікті атқарушы органдарда, меншік нысандарына қарамастан, кәсіпорындарда және ұйымдарда көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша тексеру жүргізуді ұйымдастыруға; өз мәжілістерінде комитеттер мен басқармалардың өзге де облыстық және жергілікті атқарушы органдардың көліктегі кауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі баяндамаларын және есептерін тыңдауға; комитеттер мен басқармаларға өзге де облыстық және жергілікті атқарушы органдарға ведомствоға қарасты көліктерде қауіпсіздікті қамтамасыз етпейтін басшыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге; комитеттермен басқармалардың өзге де облыстық және атқарушы органдар мен мекемелердің басшыларымен келісе отырып, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты материалдарды дайындауға қатысу үшін, сондай-ақ облыс әкімінің осы мәселелер жөніндегі шешімдерін комитеттер мен басқармалардың өзге де облыстық және жергілікті атқарушы органдардың орындауын зерделеу мен талдау үшін білікті мамандарды тартуға; көліктегі қауіпсіздікті арттыру мәселелері бойынша заң және үкімет актілерінің жобаларын, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық туралы шарттарды әзірлеуге қатысуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Комиссия өз жұмысын Комиссия төрағасы бекіткен жоспарға сәйкес жүргізеді. Комиссия мәжілісі кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді және олар ұсыным сипатында болады.
Тармақ 5
5. Комиссия жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етуді облыс әкімінің аппараты және төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның төрағасы (лауазымы бойынша) комиссияның төрағасы болып табылады.