О лицензировании предпринимательской деятельности по содержанию и эксплуатации заправочных станций Күшін жойған
Басқа 0
Жарнамай құю станцияларын ұстау және пайдалану жөніндегі кәсіпкерлік қызметті лицензиялау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2003.03.14 N 23ө өкімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы қыркүйектің 19-ы «Қазақстан Республикасында жанармай құю станцияларын ұстау және пайдалану жөніндегі кәсіпкерлік қызметті лицензиялау туралы Ережелері бекіту туралы» № 1352 қаулысына, Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар Министрлігінің 1997 жылғы қазанның 13-гі № 586 бұйрығына сәйкес:
Тармақ 1
1. Экономика және кәсіпкерлікті қолдау департаментінің директоры В.Ф.Самойлюк үш күн ішінде автожарнама құю станцияларын лицензиялау жөніндегі қажетті құжаттар Қазақстан Республикасы Көлік инспекциясының Қарағанды бөлімшесіне (А.Я.Лепехин) берсін.
Тармақ 2
2. Көлік инспекциясының Қарағанды бөлімшесі (А.Я.Лепехин) жанармай құю станцияларын ұстау және пайдалану жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін лицензия беру тәртібі және шарты туралы Ережелерге сәйкес жанармай құюстанцияларын орналастыру және құрылысы жөніндегі бекітілген бірыңғай дислокацияға сәйкес лицензияларды лицензиаттарға беруді жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Құрылыс, сәулет және аумақтарда құрылыс салу басқармасы (Ғ.К.Қонақбаев), көлік инспекциясының Қарағанды бөлімшесі (А.Я.Лепехин) бір ай ішінде экологиялық және санитарлық бақылау нормаларына, сәулет-құрылыс талаптарына сәйкес, қала және аудан әкімдерімен келісілген жанармай құю станцияларының бірыңғай дислокациясын бекітуге ұсынсын.
Тармақ 4
4. Облыс әкімі аппаратымен келісілген қала және аудан әкімдерінің өкімдері негізінде жаңадан құрылатын жанармай құю станциялары бірынғай дислокацияға енгізілсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Көлік инспекциясының Қарағанды бөлімшесі (А.Я.Лепехин) жанармай құю станцияларының лицензия берілгеннен кейін ұсталуы және пайдалануын бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Осы өкім шыққынға дейін берілген лицензиялардың мерзімі өпіт жеткенге дейін заңдық күші бар екендігі ескерілсін.
Тармақ 7
7. Мыналардың күші жойылды деп есептелсін:
- облыс әкімінің 1996 жылғы мамырдың 7-гі «Лицензиялау туралы» шешімі;
- облыс әкімінің 1996 жылғы маусымының 26-ғы Қазақстан Республика Президентінің заң күші бар «Лицензиялау туралы» 1995жылғы сәуірдің 17-гі жарлығын жүзеге асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы №137 өкімі.
Тармақ 8
8. Осы өкімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.А.Мазитовқа жүктелсін.