Жалағаш кентіндегі Ақсу автожолы бойындағы жаңа көшеге атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жалағаш кентіндегі Ақсу автожолы бойындағы жаңа көшеге атау беру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес кент халқының пікірін және Жалағаш ауданы әкімі жанындағы консультациялық–кеңесші орган комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі N 1 хаттамасын ескере отырып ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Жалағаш кентіндегі Ақсу автожолы бойындағы көше Өмірзақ Тұңғышбаевтың атындағы көшесі болып аталсын.
Тармақ 2
2. Кент әкімінің орынбасары М.Ибраев осы шешімді іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.