Жалағаш кентіндегі М. Горький көшесін қайта атау туралы Қолданыста
Басқа 0
Жалағаш кентіндегі М. Горький көшесін қайта атау туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес кент халқының пікірін және Жалағаш ауданы әкімі жанындағы консультациялық–кеңесші орган комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі N 3 хаттамасын ескере отырып ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Жалағаш кентіндегі М.Горький атындағы көшесі А.Байсопақовтың атындағы көше болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Кент әкімінің орынбасары М. Ибраев осы шешімді іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.