Аққұм ауылындағы жекелеген көшелерді қайта атау туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аққұм ауылындағы жекелеген көшелерді қайта атау туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Жалағаш ауданы әкімі жанындағы консультациялық-кеңесші орган комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі N 3 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Аққұм ауылындағы:
Тармақша 1
1) Қазақстан көшесі Ералы Түменбаев атындағы көше болып;
Тармақша 2
2) Көксу көшесі Іскендір Доспанбетов атындағы көше болып;
Тармақша 3
3) Бостандық көшесі Райбек Книязов атындағы көше болып;
Тармақша 4
4) Достық көшесі Зинадин Лекеров атындағы көшесі болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б.Күзеков осы шешімді іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.