Қолданыстағы ред. 23.04.2010

Аудан әкімдігінің Арал қаласындағы жекелеген көшелерге атау беру, атауларын өзгерту жөніндегі ұсынысы туралы от 23.04.2010 г. № 60 (Аудан әкімдігінің Арал қаласындағы жекелеген көшелерге атау беру, атауларын өзгерту жөніндегі ұсынысы туралы)

0

Аудан әкімдігінің Арал қаласындағы жекелеген көшелерге атау беру, атауларын өзгерту жөніндегі ұсынысы туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының бірінші бөлігінің 5-1)-тармақшасын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, Арал қаласындағы жекелеген көшелерге атау беру, атауларын өзгерту жөніндегі аудан әкімдігінің үстіміздегі жылдың 22 сәуіріндегі N 04/327 ұсынысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімдігінің:

1

1) Арал қаласының бас жоспарына сәйкес 3-ші шағын ауданнан ашылатын жаңа көшелерге Жүсіп Кенжебаев, Жақсылық Тілеубаев, Жанназар Әлімбетов, Толеш Таңатов, Рсалы Тұрымбетов атауларын беру жөніндегі;

2

2) Арал қаласындағы Вокзальная көшесін Сағындық Тұрдалиев; К.Маркс көшесін Ерсұлтан Ормағамбетов; Волгоград көшесін Қүдайберген Жасекенов; Базар көшесін Көшербай Дәрібаев; Панфилов түйығын Дәри Қүттымүратов; Восточная көшесін Александр Павлович Мин; Восточная түйығын Жалдыбай Нүрпейсов; Тюленин көшесін Құдайберген Сманов; Суворов көшесін Тәжі Палуан; Ақтөбе көшесін Рахметжан Компашев; Ломоносов көшесін Көшербай Өтенов; Порт көшесін Палау Құттымұратова; Терешкова тұйығын Тойбазар Елемесов; Королев көшесін Әлила Сатаев; Москва көшесін Дүйсен Жолымбетов; Морская көшесін Сәтбай Сүлейменов; Гагарин көшесін Зәуір Махатов; Юбилейная көшесін Аманғос Есмұрзаев атауларына өзгерту жөніндегі ұсынысына келісім берілсін.

2

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.