О генеральном плане развития города Астаны Күшін жойған
Басқа 0
Астана қаласын дамытудың бас жоспары туралы
Қазақстан Республикасының астанасын кешенді дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Астана қаласының әкімі ұсынған, Сауд Арабиясы Корольдігінің "Сауди Бен Ладин Групп" компаниялар тобы әзірлеген Астана қаласын дамытудың бас жоспарының жобасы тұтастай алғанда бекітілсін.
Тармақ 2
2. <*>
📌 Ескерту. 2-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.03.25. N 381
қаулысымен. P010381_
Тармақ 3
3. Астана қаласының әкімі Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігімен бірлесе отырып, белгіленген тәртіппен 2000 жылдың 15 мамырына дейін қала шекарасын өзгерту туралы ұсыныс әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Тармақ 4
4. <*>
📌 Ескерту. 4-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.03.25. N 381
қаулысымен. P010381_
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі және Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі 2000 жылға арналған республикалық бюджетте тиісті бағдарламалар бойынша көзделген қаражаттың шегінде бас жоспар мен қала шегі жобасының пысықталмаған тауарларын орындауды жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. <*>
📌 Ескерту. 6-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.03.25. N 381
қаулысымен.
P010381_
Тармақ 7
7. "Целиноград қаласын дамытудың бас жоспары туралы" Қазақ ССР
Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 17 тамыздағы N 332 қаулысының күші жойылды
деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Омарбекова А.Т.
Орынбекова Д.Қ.