Об освобождении от оплаты за питание родителей детей, обучающихся в интернатных учреждениях сельских школ Қолданыста
Басқа 0
Ауыл мектептерінің интернат мекемелерінде оқитын балалардың тамақтанғаны үшін ата-аналарын төлемақыдан босату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Білім туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы "Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері туралы" № 738 қаулысымен бекітілген, мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері туралы Нұсқаулықтың 3-тармағы негізінде, ауылдық жерлерде тұратын, интернат мекемелерінде білім алатын оқушыларды әлеуметтік қорғау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауыл мектептерінің жанындағы интернат мекемелерінде оқитын балалардың ата-аналары 2010 жылғы тамақтану төлемақысынан босатылсын.
Тармақ 2
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г. К. Сванқұлова) ауыл мектептерінің жанындағы интернат мекемелерінде тәрбиеленетін балалардың тамақтану шығынын білім беру мекемелерін ұстауға бөлінген қаражаттар есебінен толтырсын.
Тармақ 3
3. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 наурыздағы "Ауыл мектептерінің интернат мекемелерінде оқитын балалардың тамақтанғаны үшін ата-аналарын төлемақыдан босату туралы" № 194/3 қаулысы жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ. А. Оспанқұловқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.