О вопросах предоставления права землепользования субъектам малого предпринимательства Қолданыста
Басқа 0
Шағын кәсіпкер субъектілеріне жер пайдалану құқығын беру мәселесі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2003.03.14 N 23ұ өкімімен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы наурыздың 6-ғы «Шағын кәсіркерліктің дамуын жандандыру және мемлекеттік қолдауды нығыйту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын, Қазақстан Республика Үкіметінің 1996 жылғы желтоқсанның 10-ғы «Мемлекет меншігіндегі жер участкелерін сату-сатын алу тәртібін немесе тұрақты жер пайдалану құқығын бекіту туралы» № 1511 қаулысын орындау үшін және 1998 жылғы наурыздың 25-гі шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселері бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жер пайдалану құқығын беруге байланысты хаттамалық шешімдерді жүзеге асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Қарағанды қаласының әкімі (Н.В.Филатов)
- 1998 жылғы сәуірдің 4-не дейін «Қарағанды қаласында жалға берілген жер үшін төлем төлеу ставкасы коээфициенттерін бекіту туралы» 1997 жылғы қыркүйектің 9-ғы № 37-ө өкімі кәсіпкерліктің дамуына кедергі болуы ретінде, қайта қаралсын. Жер участкелерін жалға беру үшін келісім-шарттар бойынша жеке тұлғалардың белсенділігін ынталандыруға бағытталған жылдық жалға беру мөлшелері қолданысын.
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жер участкелерін беру құқығын ресімдеген кезде өтініштердің қаралуы 15 күнге дейін қысқартылсын және Қазақстан Республикасы Үкіметі 1996 жылғы желтоқсанның 12-гі № 1511 бекіткен құжаттар тізбесін қатаң басшалыққы алсын.
- жер ресурстарын басқару жөніндегі қалалық комитетпен бірлесіп (Ж.Мұсылманбеков) жер аукционын ұйымдастыру кезінде жер участкелерін жеке меншікке сату құқығын және жердің өтімділігіне байланысты тұрақты жер пайдалану құқығын сату жүзеге асырылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет (Д.А.Қарасартов) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жер участкелерін 5 немесе 3 жылға дейін мерзімін ұзартып сатқан кезде мемлекеттік актілердің түпнұсқасын жер участкесінің анықталған көлемімен бірге берсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.К.Нукеновке жүктелсін.