О переименовании улиц в поселке Заводской Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Заводской кентіндегі көшелердің атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы 2 тармақшасына сәйкес, тұрғындарының пікірін есебіне алып, Заводской кенті әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Заводской кентіндегі көшелердін атауларын өзгерту: Большевистская көшесі Бөгенбай батыр көшесіне; Красноармейская көшесі Бауыржан Момышұлы көшесіне; Энгельс көшесі Абай Құнанбайұлы көшесіне.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІМІМЕН» «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы И. Ковцур «Степногорск қаласының сәулет және қала құрлысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Шварцкоп