Сарыкемер ауылындағы Первомайская көшесінің атын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Сарыкемер ауылындағы Первомайская көшесінің атын өзгерту туралы
Сарыкемер ауылдық округі Сарыкемер ауылындағы Первомайская көше тұрғындарының пікірін ескере отырып және "Қазақстан Республикасы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Сарыкемер ауылдық округі Сарыкемер ауылындағы Первомайская көшесіне Сапаралиев Жұмабек Сапаралыұлының есімі қойылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындауын қадағалау Сарыкемер ауылдық округі Әкімі аппаратының бас маманы Қ. Құралбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.