Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылындағы көшелер атауларын өзгерту туралы Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылындағы көшелер атауларын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Мұғалжар ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мұғалжар ауылының: «Почтовая» көшесі «Наурыз» көшесіне, «Солнечная» көшесі «Тәуелсіздік» көшесіне, «Молодежная» көшесі «Жастар» көшесіне, «Заречная» көшесі «Тасбұлақ» көшесіне өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.