Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18 және 238 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi, осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Шөппай Серикпайұлы Оспановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады. КЕЛІСІЛДІ Осакаров аудандық мәслихатының хатшысы Қ. Саққұлақов 2010 жыл 21 сәуір
Басқа 4
Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі N 10/03 қаулысына қосымша Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Білім беру мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің және қазынашылық кәсіпорнының басшысы мен басшысының орынбасары, меңгеруші, бөлімше басшысы, оның ішінде: әдістемелік кабинеттің, топтың, бөлімнің;
Тармақша 2
2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтардың мұғалімдері, медициналық бике, кітапханашы, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, жетекші, дене шынықтыру бойынша нұсқаушысы, өндірістік оқыту шебері, оқытушылар, музыкалық жетекші, әдіскер, бейнелеу өнері бойынша оқытушы, логопед, психолог, лаборант, барлық мамандықтардың инженері, аудармашы, бағдарламашы, іс жүргізуші, бухгалтер, экономист, емдәм бикесі, хатшы-машинист, директордың шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары, шаруашылық меңгерушісі.
Тармақ 2
2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің және қазынашылық кәсіпорнының басшысы мен басшысының орынбасары, бөлім меңгерушісі;
Тармақша 2
2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: көркемдік жетекші, әдіскер, кітапханашы, библиограф, редактор, суретші, балетмейстер, аккомпаниатор, әкімші, аудармашы, кадр бойынша инспектор, инженер-бағдарламашы, бухгалтер, шаруашылық меңгерушісі.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) бөлім меңгерушісі, консультант, әлеуметтік қызметкерлер, бухгалтер (бас, аға), іс жүргізуші.