Көшелерге атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көшелерге атау беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына 4) тармақшасына сәйкес, Қ.Тұрысбеков ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қ.Тұрысбеков ауылдық округіне қарасты: Шардара ауылы орталығындағы атауы жоқ көшесіне Тілегенов Күзенбай атауы берілсін; Шардара ауылы орталығындағы Сельхозхимия көшесі Тәуелсіздік көшесі деп аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары Қ.Абуовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.