Об утверждении Правил проведения пилотного двухэтапного конкурса для занятия административных государственных должностей Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін пилоттық екі кезеңді конкурс өткізудің ережесін бекіту туралы Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін конкурстық іріктеуді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 14-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін пилоттық екі кезеңді конкурс өткізудің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Пилоттық екі кезеңді конкурс 2010 жылдың 1 қыркүйегінен 2011 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өткізілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Хайдаров А.Ш.) заңнамада бекітілген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2010 жылдың 1 қыркүйегінен 2011 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қолданыста болады және ресми жариялануға тиіс. Келісілді                          Келісілді Ақмола облысының әкімі             Оңтүстік Қазақстан С.А. Дьяченко                      облысының әкімі А.И. Мырзахметов
Басқа 5. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін пилоттық екі кезеңді конкурс өткізудің Ережесі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 02-01-02/75 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін пилоттық екі кезеңді конкурс өткізудің Ережесі 1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Пилоттық жоба Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 2010 жылдың 1 қыркүйегінен 2011 жылдың 1 қыркүйегіне дейін келесідей: О-1, D-2, D-3, D-4, D-5, D-О-1, D-О-2, D-О-3, D-О-4, D-О-5, D-О-6, Е-1, Е-2, Е-3, Е-4, Е-5, Е-R-1, Е-R-2, Е-R-3, Е-R-4, Е-R-5, Е-G-1, Е-G-2, Е-G-3 және Е-G-4 санаттарының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстық іріктеу өткізуді көздейді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202бұйрығымен бекітілген Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің Қағидасы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізімінде № 986 тіркелген), Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарының мемлекеттік органдарындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға пилоттық жобаны өткізу кезеңінде қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Пилоттық жоба өткізілген кезде Заңның және өзге де мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың талаптары сақталуы тиіс.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) мен оның аумақтық бөлімшелерінің жолдауы бойынша олардың қызметкерлері үміткерлермен әңгімелесуге және конкурс комиссиясының қорытынды мәжілісіне қатыса алады.
Тармақ 5
5. Конкурс комиссиясының шешімі мемлекеттік әкімшілік қызметтің бос лауазымына орналасудың немесе мұндай лауазымға орналастырудан бас тартуға негіздеме болады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурс оның өткізудің кез келген кезеңінде ол туралы міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланып тоқтатылуға тиіс.
Тармақ 7. 2. Пилоттық жобаны өткізудің шарттары мен тәртібі
7. Азаматтар пилоттық жобаға қатысу шығындарын (тестілеу немесе әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау және тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді. 2. Пилоттық жобаны өткізудің шарттары мен тәртібі
Тармақ 8
8. Пилоттық жобаға Қазақстан Республикасының:
Тармақша 1
1) жасы он сегізден төмен емес;
Тармақша 2
2) біліктілік талаптарына сай азаматтары қатысады.
Тармақ 9
9. Пилоттық жобаға қатысуға:
Тармақша 1
1) осы Ереженің 8-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес емес;
Тармақша 2
2) заңды күшіне енген сот шешімімен жұмыс істеу қабілеті төмен немесе жұмыс істеу қабілеті шектелген болып танылғандар;
Тармақша 3
3) заңдылық күші бар сот шешімімен белгілі бір анықталған мерзімге дейін мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айырылғандар;
Тармақша 4
4) біліктілік талаптарында тиісті қызметтерді атқару үшін денсаулық жағдайына арнаулы талаптар белгіленген реттерде медициналық мекеменің қорытындысына сәйкес лауазымдық өкілеттікті орындауға кедергі келтіретін науқасы бар;
Тармақша 5
5) мемлекеттік қызметке кірер алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
Тармақша 6
6) мемлекеттік қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
Тармақша 7
7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
Тармақша 8
8) жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жазаны қоспағанда, мемлекеттік қызметке кірер алдында үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған;
Тармақша 9
9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған;
Тармақша 10
10) мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар азаматтар жіберілмейді.
Тармақ 10
10. Пилоттық жоба екі кезеңде өткізіледі:
Тармақша 1
1) бірінші кезең - мемлекеттік органдарда мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу үшін оларды іріктеу;
Тармақша 2. 3. Бірінші кезең - мемлекеттік органдарда мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу үшін оларды іріктеу
2) екінші кезең - бірінші кезеңнен сәтті өткен үміткерлерді бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бар мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының іріктеуі. 3. Бірінші кезең - мемлекеттік органдарда мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу үшін оларды іріктеу
Тармақ 11
11. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі пилоттық жобаның бірінші кезеңін өткізу туралы хабарландыруды тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды.
Тармақ 12
12. Пилоттық жобаның бірінші кезеңін өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер болуы тиіс:
Тармақша 1
1) мекен-жайы көрсетілген уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы, пошта адресі, телефондары мен факс нөмірлері;
Тармақша 2
2) қолданыстағы заңдарға сәйкес еңбек ақысының көлемі мен шарттары көрсетілген әкімшілік мемлекеттік лауазымдар санаттарының тізбесі;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізімінде № 5084 тіркелген), мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарына (бұдан әрі - Үлгілік біліктілік талаптары) сәйкес пилоттық жобаға қатысушыға қойылатын негізгі талаптар;
Тармақша 4
4) құжаттарды қабылдаудың мерзімі (конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн);
Тармақша 5
5) тестілеу өткізудің мерзімі мен орны. Хабарландыру Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтін қосымша ақпараттармен мазмұндала алады.
Тармақ 13. $ 1. Пилоттық жобаның бірінші кезеңіне қатысу үшін құжаттарды қабылдау
13. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурстар туралы мәліметтер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады. $ 1. Пилоттық жобаның бірінші кезеңіне қатысу үшін құжаттарды қабылдау
Тармақ 14
14. Бірінші кезеңге қатысқысы келетін азаматтар уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне мынадай құжаттарын тапсырады:
Тармақша 1
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
Тармақша 2
2) білімі туралы құжаттардың нотариалдық немесе жұмыс орнының кадр қызметімен куәландырылған көшірмелері;
Тармақша 3
3) еңбек кітапшасының нотариалдық немесе жұмыс орнының кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі. Аталған құжаттардың біреуінің болмауы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Тармақ 15. § 2. Пилоттық жобаның бірінші кезеңіне қатысушылардың құжаттарын қарау
15. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады. Құжаттарды өздері әкеліп берген кезде өтініш берушіге уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің жауапты қызметкерімен құжаттардың атауы және қабылданған мерзімі көрсетілген қолхат беріледі. Қолхат уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің мөртабанымен бекітіледі. § 2. Пилоттық жобаның бірінші кезеңіне қатысушылардың құжаттарын қарау
Тармақ 16
16. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бірінші кезеңге қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі ұсынылған құжаттардың Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкестігін талдайды.
Тармақ 18
18. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі ұсынылған құжаттарды талдау негізінде олардың тиісті мемлекеттік әкімшілік лауазымы санатына қойылған Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкестігі мен үміткерлерді тестілеуге жіберу туралы шешім қабылдайды, ол бұйрық түрінде ресімделеді.
Тармақ 19
19. Тестілеуге жіберу туралы шешім уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің бұйрығымен бекітілген үміткерлерді тестілеу тізімі түрінде ресімделеді.
Тармақ 20. § 3. Үміткерлерді тестілеу
20. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тестілеу өткізудің кестесін жасайды және үміткерлерге тестілеу өткізудің уақыты мен орны туралы хабарландырады. § 3. Үміткерлерді тестілеу
Тармақ 21
21. Тестілеудің мақсаты үміткерлердің білімдері мен қабілеттерін әділ бағалау болып табылады.
Тармақ 22
22. Тестілеу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-02/11 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5113 болып тіркелген) Тестілеуді өткізу ережесіне, Тестілеу программаларына және Тестілеу нәтижелерінің шекті мәніне сәйкес өткізіледі.
Тармақ 23
23. Тестілеуге қатысуға жіберілген үміткерлер оны құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейінгі он жұмыс күнінің ішінде өтеді.
Тармақ 24
24. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың санаттарына байланысты тестілеудің бағдарламалары белгіленеді. Құжаттарын мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың екі немесе одан да көп санаттарына орналасуға берген және олар бойынша тестілеуге жіберілген үміткерлер тиісті бағдарламалар бойынша тестіленеді.
Тармақ 25
25. Үміткердің белгілі бір күрделілік бағдарламасы бойынша (нормативтік құқықтық актілердің саны мен шекаралық мәнінің деңгейі бойынша) тестілеудің оң нәтижелері соңғы тестілеу бағдарламалары бірдей немесе күрделілік деңгейі төмен болған жағдайда басқа санатты бос лауазымдарға орналасу конкурсына қатысуға жарамды болып табылады.
Тармақ 26
26. Үміткердің лауазымның белгілі бір санаты үшін белгіленген тестілеу бойынша тестілеуінің нәтижесі, егер тестілеудің бағдарламасы өзгертілмеген жағдайда, тестілеуден өткен сәтінен бастап 2011 жылдың 1 қыркүйегіне дейін күшінде болады. Егер де осы Ереженің 22-тармағында белгіленген тестілеу бағдарламалары пилоттық жобаның тестілеу бағдарламасынан ерекшеленбесе, пилоттық жобаны өткізуге дейін тестілеуді тапсырған азаматтар, бірінші кезеңді өтпей-ақ пилоттық жобаның екінші кезеңіне жіберіледі.
Тармақ 27
27. Үміткердің алдыңғы тестілеу өткен күнінен үш айдан кем емес мерзімнен кейін бір бағдарлама бойынша қайтадан, бірақ осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген мерзім шегінде тестілеуден өтеді.
Тармақ 28
28. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері үміткерлерге тестілеудің нәтижелерін береді.
Тармақ 29. 4. Екінші кезең - бірінші кезеңнен сәтті өткен үміткерлерді бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бар мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының іріктеуі
29. Пилоттық жобаның екінші кезеңіне тестілеуден оң нәтиже алған үміткерлер жіберіледі. 4. Екінші кезең - бірінші кезеңнен сәтті өткен үміткерлерді бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бар мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының іріктеуі
Тармақ 30
30. Пилоттық жобаның екінші кезеңін бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бар мемлекеттік орган өткізеді.
Тармақ 31
31. Конкурс жариялаған мемлекеттік орган мемлекеттік әкімшілік қызметтің бос лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеуді жүзеге асыруға уәкілетті конкурс комиссиясын құрады.
Тармақ 32
32. Конкурс комиссиясы үміткерлер берген құжаттарды, оларды тестілеудің нәтижелерін қарайтын, үміткерлермен әңгімелесу өткізетін және бос мемлекеттік әкімшілік қызметтің лауазымдарына орналасуға үміткерлерді түпкілікті іріктеуді іске асыратын алқалы орган болып табылады.
Тармақ 33
33. Пилоттық жобаның екінші кезеңі мынадай сатылармен өткізіледі:
Тармақша 1
1) пилоттық жобаның екінші кезеңін өткізу туралы хабарландыруларды мемлекеттік органның жариялауы;
Тармақша 2
2) конкурс комиссиясын құру;
Тармақша 3
3) пилоттық жобаның екінші кезеңіне қатысуға тілек білдірген азаматтардың құжаттарын қабылдау;
Тармақша 4
4) пилоттық жоба қатысушылардың құжаттарының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін алдын-ала қарау;
Тармақша 5
5) үміткерлермен конкурс комиссиясы өткізетін әңгімелесу;
Тармақша 6. § 1. Конкурс туралы хабарландыру
6) конкурс комиссиясының қорытынды мәжілісі. § 1. Конкурс туралы хабарландыру
Тармақ 34
34. Хабарландырулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
Тармақ 35
35. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландырулар жариялағаннан кейін Заңның 12-бабы 2, 3-тармақтары мен 14-бабының 10-тармағы бойынша конкурстық рәсімдері аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.
Тармақ 36
36. Конкурсты өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер болуы тиіс:
Тармақша 1
1) мекен-жайы көрсетілген мемлекеттік органның атауы, пошта адресі, телефондары мен факс нөмірлері;
Тармақша 2
2) негізгі функциональдық міндеттері, қолданыстағы заңдарға сәйкес еңбек ақысының көлемі мен шарттары көрсетілген бос лауазымдар атауы;
Тармақша 3
3) мемлекеттік орган анықтаған біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар;
Тармақша 4
4) құжаттарды қабылдаудың мерзімі (конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн);
Тармақша 5
5) әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны. Хабарландыру Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтін қосымша ақпараттармен мазмұндала алады.
Тармақ 37. § 2. Конкурс комиссиясын құру
37. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурстар туралы мәліметтер уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады. § 2. Конкурс комиссиясын құру
Тармақ 38
38. Конкурс комиссиясын тиісті мемлекеттік органның басшысы құрады.
Тармақ 39
39. Конкурс комиссиясы төрағадан, хатшыдан (кадр қызметінің өкілі) және комиссия мүшелерінен тұрады.
Тармақ 40
40. Тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін конкурс комиссиясының құрамына мемлекеттік органның әр түрлі бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ мемлекеттік орган басшысының шешімімен өзге де адамдар енгізіледі.
Тармақ 41
41. Конкурстық комиссияның құрамына тиісті бос лауазымға орналасу конкурсына қатысушы кіре алмайды.
Тармақ 42. § 3. Құжаттарды қабылдау
42. Конкурс комиссиясы әр жарияланған бос мемлекеттік әкімшілік лауазым үшін сол лауазымға талаптанған үміткерлерге міндетті тәртіпте және бірдей көлемде қойылатын сұрақтардың тізбесін бекітеді. § 3. Құжаттарды қабылдау
Тармақ 43
43. Конкурсқа қатысқысы келетін азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға мынадай құжаттарын тапсырады:
Тармақша 1
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
Тармақша 2
2) кадр есебі бойынша толтырылған іс парағы;
Тармақша 3
3) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған анкета;
Тармақша 4
4) білімі туралы құжаттардың нотариалдық немесе соңғы жұмыс орнының кадр қызметімен куәландырылған көшірмелері;
Тармақша 5
5) еңбек кітапшасының нотариалдық немесе соңғы жұмыс орнының кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 6
6) денсаулығы туралы анықтама;
Тармақша 7
7) 3x4 үлгідегі 1 фотосурет;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 9
9) тестілеудің оң нәтижелері. Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Ескертпе: осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында аталған, мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады.
Тармақ 44
44. Азаматтар біліміне еңбек тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және мінездемелері туралы (біліктілігін көтеру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, кепілдемелер, ғылыми жарияланымдар және т.б.) қосымша ақпараттарды бере алады.
Тармақ 45
45. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.
Тармақ 46. § 4. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау
46. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, конкурстық іріктеуден өтпеген тұлғалардың кадр есебі жөніндегі жеке іс парақтары мен өтініштері және конкурстық комиссияның материалдары конкурстық комиссияның хатшысында (кадр қызметінде) сақталады. § 4. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау
Тармақ 47
47. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.
Тармақ 48
48. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін талдайды.
Тармақ 49. § 5. Үміткерлермен әңгімелесу
49. Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттарды талдау негізінде олардың тиісті мемлекеттік әкімшілік лауазымға қойылған біліктілік талаптарына олардың сәйкестігі мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды, ол хаттама түрінде ресімделіп және оған комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшысы қол қояды. Әңгімелесуге жіберілмеген конкурсқа қатысушыларды шешім қабылданғаннан кейін бұл туралы конкурс комиссиясы хабарландырады. § 5. Үміткерлермен әңгімелесу
Тармақ 50
50. Әңгімелесудің мақсаты үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.
Тармақ 51
51. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, он жұмыс күнінің ішінде өтеді.
Тармақ 52
52. Үміткердің кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау кезінде конкурс комиссиясы біліктілік талаптарына және тиісті мемлекеттік әкімшілік лауазымның лауазымдық нұсқауларына сүйенеді.
Тармақ 53
53. Әрбір үміткермен әңгімелесу барысы жеке түрдегі хаттамамен ресімделеді немесе техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді. Үміткермен әңгімелесу хаттамасына конкурс комиссиясының төрағасы, мүшелері, үміткер, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асырушы хатшы қолдарын қояды. Конкурс комиссиясының техникалық жазба құралдарын қолданылғаны туралы конкурс комиссиясының қорытынды отырыс хаттамасында белгі жасалады. Жазба тасығыштар конкурс комиссиясының хатшысында сақталады. Әңгімелесу кезінде үміткер де техникалық жазба құралдарын қолдана алады. Техникалық жазба құралдарын қолдану конкурс комиссиясы отырысының қалыпты өтуіне кедергі келтірмеуі тиіс.
Тармақ 54. § 6. Конкурс комиссиясының қорытынды мәжілісі
54. Әңгімелесуден өткен үміткерлердің құжаттарын конкурс комиссиясы өзінің қорытынды мәжілісінде қарайды. § 6. Конкурс комиссиясының қорытынды мәжілісі
Тармақ 55
55. Конкурс комиссиясы әңгімелесу өткізгеннен кейін екі жұмыс күннен кешіктірілмей өткізілуі тиіс қорытынды мәжілісінде үміткерлерді берген құжаттары, тестілеу мен өткізілген әңгімелесудің нәтижелері негізінде бағалайды және олардың қатарынан бос әкімшілік лауазымға орналастыру үшін іріктеуді іске асырады.
Тармақ 56
56. Конкурс комиссиясының шешімі үміткер қатыстырылмай, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.
Тармақ 57
57. Конкурс комиссиясының шешімі егер мәжіліске оның құрамының 2/3 кем емес бөлігі қатысса, заңды деп есептеледі.
Тармақ 58
58. Комиссия құрамынан қатысушылардың көпшілігі дауыс берген жағдайда үміткер дұрыс баға алады. Дауыстар бірдей болған жағдайда конкурс комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 59
59. Конкурс комиссиясы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне әңгімелесуден өткен үміткерлерді кадр резервіне алуға ұсыныс жасайды.
Тармақ 60
60. Талқылау барысы мен конкурс комиссиясының шешімі конкурс комиссиясының төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ хаттама жасауды іске асыратын хатшының қолдары қойылған хаттама түрінде ресімделеді.
Тармақ 61
61. Конкурс комиссиясы мәжілісі хаттамасының көшірмесі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жіберіледі.
Тармақ 62
62. Егер конкурс нәтижесінде конкурс комиссиясы берілген бос лауазымдарға үміткерлерді анықтамаса, қайтадан конкурс жариялауы мүмкін.
Тармақ 63
63. Конкурс комиссиясы әңгімелесуден өткен үміткерлерге конкурс нәтижесі туралы, оның аяқталғанынан кейін бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Тармақ 64. 5. Үміткердің қызметке орналасуы
64. Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң шешімін алған үміткерлердің тізімі конкурс өткізілгеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетіндей жерлерге ілінеді. 5. Үміткердің қызметке орналасуы
Тармақ 65
65. Мемлекеттік органның басшысы конкурс комиссиясының оң қорытындысына ие болған үміткерді жарияланған қызметке қабылдайды. Бұл ретте әкімшілік мемлекеттік қызметке кіру үшін заңдарда қарастырылған талаптар сақталуға тиіс.
Тармақ 66. 6. Қорытынды ережелер
66. Мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде көрінеу жалған мәліметтері анықталған конкурс комиссиясынан оң қорытынды алған азаматты ұсыну тиісті бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдаудан бас тартуға негіздеме болады. 6. Қорытынды ережелер
Тармақ 67
67. Конкурсқа қатысушылар уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, болмаса сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағым бере алады.
Тармақ 68
68. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі конкурс комиссиясының шешіміне келіп түскен шағымды қарайды және Заңның, осы Ереженің, мемлекеттік қызмет туралы өзге де заңнамалардың бұзылғаны анықталған жағдайда, конкурс комиссиясына қабылданған шешімді жоюды ұсынады.
Тармақ 69
69. Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің ұсынысын конкурс комиссиясы бұрынғы құрамымен өткізілген өз мәжілісінде қарайды. Осы мәжілісте конкурс комиссиясы бұрын қабылданған шешімін жояды және жаңасын енгізеді, не болмаса оны еш өзгеріссіз қалдырады. Конкурс комиссиясы қабылданған шешім туралы, ол қабылданғаннан кейін он күн мерзім ішінде, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне және шағым берген конкурсқа қатысушыға хабарлайды.
Тармақ 70
70. Конкурс комиссиясының бұрынғы қабылдаған шешімін жоюы және жаңасын енгізуі мемлекеттік орган басшысының тиісті шешімін өзгертуі немесе қабылдауы үшін негіздеме болады.
Тармақ 71
71. Егер конкурс комиссиясы бұрынғы қабылданған шешімді өзгеріссіз қалдырған жағдайда, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі немесе шағым берген конкурсқа қатысушы осы шешімді сот тәртібінде шағым бере алады.
Тармақ 72. Өтініш
72. Пилоттық жобаға қатысушылар өздеріне қатысты бөлігіне, сондай-ақ уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі конкурс құжаттарымен таныса алады. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін пилоттық екі кезеңді конкурсты өткізудің ережесіне 1-қосымша үлгі ______________________________ ______________________________ ______________________________ (мемлекеттік қызмет істері уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі) Өтініш ___________ санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін конкурстың бірінші кезеңіне қатысу үшін рұқсат етуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін пилоттық екі кезеңді конкурсты өткізудің ережесінің негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін. Ұсынылған құжаттардың растығына жауап беремін. __________________              ____________________________ (қолы)                              (аты-жөні) «__» __________201_ж. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін пилоттық екі кезеңді конкурсты өткізудің ережесіне 2-қосымша үлгі _____________________________ _____________________________ _____________________________ (мемлекеттік орган) Өтініш _________________________________________________________ ___________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурсына қатысу үшін рұқсат етуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін пилоттық екі кезеңді конкурсты өткізудің ережесінің негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін. Ұсынылған құжаттардың растығына жауап беремін. ____________                      _______________________ (қолы)                                (аты-жөні) «___» ___________ 201_ж. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін пилоттық екі кезеңді конкурсты өткізудің ережесіне 3-қосымша үлгі САУАЛНАМА (өз қолымен толтырылады) 1. Тегі _______________________________________________________ Аты ________________________________________________________ Әкесінің аты _______________________________________________ 2. Азаматтығы _________________________________________________ Егер өзгертілсе, уақытын көрсетіңіз ___________________________ 3. Бұрын сотталған ба едіңіз, қашан және не үшін ______________ _______________________________________________________________ 4. Шет елде оқыған немесе жұмыс істеген кезіңіз _______________ Болған еліңіз _________________________________________________ Болған уақытыңыз ______________________________________________ _______________________________________________________________ Жұмыс істеген немесе оқыған жеріңіз ___________________________ 5. Соттың шешімімен жұмыс істеу қабілетіңіз төмен немесе шектелген деп танылдыңыз ба, қашан және не үшін _____________________ 6. Белгілі бір мерзімге мемлекеттік қызметті атқару құқынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін __________________________________ _______________________________________________________________ 7. Сіз мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немересі, жұбайы немесе зайыбы) болып табыласыз ба: 1) осы мемлекеттік қызметші Сіз үміттенген лауазымға тікелей бағынысты лаузымды атқаруда ________________________________________; 2) Сіз үміттенген лауазымыңыз осы мемлекеттік қызметші атқаратын лауазымына тікелей бағынысты _____________________________ _____________                         __________________ (қолы)                                 (аты-жөні) «___»__________201__ж.