Екпінді ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екпінді ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Екпінді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екпінді ауылындағы "Екпінді" көшесі Қапсаламов Шынғожа, "Бірлестік" көшесі Мейрманов Садық, "Комсомол" көшесі Бітімбекова Шәмшіқамар көшесі атауларына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Екпінді ауылдық округінің бас маманы Сүлейменов Бақытбек Белгібекұлына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.