Қамысқала ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Қамысқала ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қамысқала ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қамысқала ауылындағы "Речная" көшесі Мұхамедияр Жүнісов, "Советская" көшесі Бірлік, "Октябрьская" көшесі Бейбітшілік, "Черкашин" көшесі Достық көшесі атауларына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Қамысқала ауылдық округ әкімі аппаратының іс жүргізу жөніндегі бас маманы Әсел Серікханқызы Қолбаеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.