Ақжар ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақжар ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес және аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде, сондай-ақ тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ақжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақжар ауылындағы "Молодежная" көшесі Жастар, "Школьная" көшесі Шәмші Қалдаяқов, "Октябрь" көшесі Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков, "Береговая" көшесі Оралхан Бөкей көшесі, "Заречная" көшесі Ләззат Алтынайқызы Асанова көшесі атауларына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Ақжар ауылдық округ әкімі аппаратының заңгер немесе бухгалтер-экономист бас маманы Дабыл Тұрысбековақа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.