Жыланды ауылдық округіне қарасты Әшім ауылындағы атаусыз көшеге Мұқанов Нұрмолда атын қою туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жыланды ауылдық округіне қарасты Әшім ауылындағы атаусыз көшеге Мұқанов Нұрмолда атын қою туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес ауылдық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жыланды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жыланды ауылдық округіне қарасты Әшім ауылындағы атаусыз көшеге Мұқанов Нұрмолда аты қойылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Жыланды ауылдық округінің бас маманы Нұртазина Майраға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.