Балтабай селолық округіндегі Балтабай, Еңбек және Өрнек ауылдарындағы көшелердің атауын өзгерту және жаңа атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балтабай селолық округіндегі Балтабай, Еңбек және Өрнек ауылдарындағы көшелердің атауын өзгерту және жаңа атау беру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің келісімі мен тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Балтабай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай селолық округіндегі ауылдардың көшелерінің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
Тармақша 1
1) Балтабай ауылындағы "Первая Новостроевская" көшесінің атауы Балғабеков Бейсенбай" көшесі деп өзгертілсін;
Тармақша 2
2) Еңбек ауылындағы "Огородная" көшесінің атауы "Тоғызақов Жапар" көшесі деп өзгертілсін;
Тармақша 3
3) Өрнек ауылындағы атауы жоқ көшеге "Жексебаев Баймухамет" көшесі атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.