Бәйтерек селолық округіндегі Бәйтерек селосының Ленин көшесін Әлмерек абыз көшесі деп атын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Бәйтерек селолық округіндегі Бәйтерек селосының Ленин көшесін Әлмерек абыз көшесі деп атын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағы, сәйкес және Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің келісімі мен тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Бәйтерек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Бәйтерек селолық округіндегі ауылдардың көшелерінің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
Тармақша 1
1) Бәйтерек ауылының "Ленин" көшесін "Әлмерек абыз" көшесі деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.