Жаңашар селолық округіндегі Жаңашар ауылының Майская көшесін Игібай Ноқабаев атындағы көше, Молодежная көшесін Мырзалы Баекешов атындағы көше, Космос ауылындағы Молодежная көшесін Омархан Рүстембеков атындағы көше деп атауларын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Жаңашар селолық округіндегі Жаңашар ауылының Майская көшесін Игібай Ноқабаев атындағы көше, Молодежная көшесін Мырзалы Баекешов атындағы көше, Космос ауылындағы Молодежная көшесін Омархан Рүстембеков атындағы көше деп атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағы, Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі келісімдеріне, Жаңашар ауылы тұрғындарының 2010 жылғы 22 ақпандағы, 4 наурыздағы және Космос ауылы тұрғындарының 26 ақпандағы хаттамаларына сәйкес селолық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Жаңашар селолық округіндегі ауылдардың көшелерінің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
Тармақша 1
1) Жаңашар ауылының "Майская" көшесін "Игібай Ноқабаев" атындағы көшесі деп өзгертілсін;
Тармақша 2
2) Жаңашар ауылының "Молодежная" көшесін "Мырзалы Баекешов" атындағы көшесі деп өзгертілсін;
Тармақша 3
3) Космос ауылындағы "Молодежная" көшесін "Омархан Рүстембеков" атындағы көшесі деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.