Евгенемаловодный селолық округінің Маловодное ауылындағы көшелерінің атауларын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Евгенемаловодный селолық округінің Маловодное ауылындағы көшелерінің атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына  сәйкес Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі N 2 келісімі мен тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Евгенемаловодный селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Евгенемаловодный селолық округіндегі көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
Тармақша 1
1) Маловодный ауылының "Космонавтов" көшесінің атауы "Сыдықов Қуанышбай" деп өзгертілсін;
Тармақша 2
2) Маловодный ауылындағы "Заводская" көшесінің атауы "Ақбуюмовтар" деп өзгертілсін;
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.