Ұлытау ауданының түлектеріне арналған Жастар практикасын ұйымдастыру туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлытау ауданының түлектеріне арналған Жастар практикасын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 13 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 6 тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысына сәйкес жоғарғы оқу орындарының, колледждердің және кәсіби лицейлердің түлектерін (жұмыссыз азаматтарды) жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігін ұлғайту және олардың тәжірибе алуын, білімін жетілдіруді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган - "Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (одан әрі - жұмыспен қамту бөлімі):
Тармақша 1
1) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыздар ретінде тіркелген жоғарғы оқу орындарының, колледждердің және кәсіби лицейлердің түлектері арасында Жастар практикасын жүргізу жұмыстарын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) жұмыссыз жастарға арналған дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыруға жұмыс берушілермен келісім-шарт жасау міндеттелсін;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 Қаулысына сәйкес Жастар практикасына қатысушылардың еңбек ақысын қарастыру жүктелсін.
Тармақ 2
2. Жастар практикасына қабылданған тұлғалардың айлық жалақысының мөлшері республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 20000 (жиырма мың) теңге көлемінде белгіленсін.
Тармақ 3
3. Ұлытау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі N 05/02 санды қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Ә. Әбдікеровке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.