О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Армения о поощрении и взаимной защите инвестиций Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы
2006 жылғы 6 қарашада Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР
халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының
Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау
туралы келісім
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі
бір Тарап инвесторларының инвестицияларын екінші Тарап аумағында кемсітпеушілік негізде қорғау қажеттілігін тани отырып;
бір Тараптың жеке және заңды тұлғаларының екінші Тарап аумағында инвестициялар саласындағы экономикалық ынтымақтастығын кеңейтуге жәрдемдесуді ниет ете отырып;
осындай инвестицияларға берілетін режим туралы келісім Тараптардың жеке капиталының ағынын және экономикалық дамуын ынталандыратынын тани отырып;
инвестициялар үшін тұрақты негіз экономикалық ресурстарды барынша тиімді пайдалануды барынша ұлғайтуға үлес қосатынымен және өмірлік деңгейді жақсартатынымен келісе отырып;
экономикалық және іскерлік байланыстарды дамыту халықаралық танылған еңбек құқықтарын құрметтеуге ықпал ете алатынын тани отырып;
бұл мақсаттарға денсаулықты, қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды әлсірететін жалпы пайдалану шараларынсыз қол жеткізу мүмкін еместігімен келісе отырып,
мына төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
Айқындамалар
1-бап
Айқындамалар
Осы Келісімнің мақсаты үшін,
Тармақ 1
1. «Инвестициялар» термині бір Тараптың инвесторлары екінші Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік мақсатта соңғысының аумағында салатын немесе салған активтерінің кез келген түрін, сондай-ақ бұдан туындайтын құқықтарды білдіреді және атап айтқанда, бірақ айрықша емес мыналарды:
Тармақша а
(а) жылжымалы және жылжымайтын мүлік пен жалға алу, ипотека, мүлікті ұстап қалу құқығы мен салу сияқты кез келген мүліктік құқықтарды;
Тармақша б
(б) үлестерді, акцияларды, борыштық міндеттемелерді және компанияларға қатысудың кез келген басқа нысандарын;
Тармақша в
(в) ақшалай талаптарды немесе экономикалық құндылығы бар келісім-шартқа сәйкес кез келген орындауды;
Тармақша г
(г) авторлық құқықтарды, сауда маркаларын, патенттерді, өнеркәсіптік үлгілер мен техникалық процестерді, ноу-хауды, коммерциялық құпияларды, сауда атауларын және гуд виллдерді қоса алғанда, зияткерлік меншік құқықтарын;
Тармақша д
(д) табиғи ресурстарды іздеуге, игеруге, алуға немесе пайдалануға арналған концессияларды қоса алғанда, заңға сәйкес немесе шартқа сай ұсынылатын іскер концессияларды қамтуы мүмкін.
Өз аумағына инвестицияларды қабылдайтын мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес болған инвестициялар нысанының кез келген өзгерісі оларды инвестициялар ретінде айқындауға әсер етпейді.
Тармақ 2
2. «Инвестор» термині бір Тарап мемлекетінің екінші Тарап мемлекетінің аумағында соңғы Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына және осы Келісімнің ережелеріне сәйкес инвестицияларды жүзеге асыратын субъектісін білдіреді, және:
Тармақша а
(а) кез келген Тарап мемлекетінің азаматы болып табылатын және өз мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыруға заңды құқығы бар кез келген жеке тұлғаны;
Тармақша б
(б) Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес құрылған және тіркелген әрі инвестицияларды жүзеге асыруға заңды құқығы бар кез келген заңды тұлғаны қамтиды.
Тармақ 3
3. «Кірістер» термині пайданы, пайыздарды, дивиденттерді, роялтиді, лицензияланған сыйақылар мен басқа да төлемдерді қоса алғанда, инвестицияларды жүзеге асыру нәтижесінде алынған қаражатты білдіреді.
Тармақ 4
4. «Аумақ» термині оларда тиісті Тарап мемлекеті халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес егемендігін жүзеге асыратын және өз заңи құзыретін қолданатын құрлықты, жер қойнауы, суын және әуе кеңістігін қоса алғанда, құрлықтық, теңіз және әуе шекараларының шегіндегі Тараптардың бірі мемлекетінің аумағын білдіреді.
Тармақ 5
5. «Гуд вилл» термині мыналарды білдіреді:
Тармақша а
а) фирманың іскер байланыстарының шартты құны, жинақталған материалдық емес активтердің бағасы, болмашы капиталдың - сауда маркасы беделінің, іскерлік байланыстар тәжірибесінің, орнықты клиентураның, сондай-ақ басқару, ұйымдастыру және техникалық ресурстарды, қаржы әлеміндегі репутацияны, өткізу қызметін бақылау тетігін ақшалай бағалау;
Тармақша б
б) тұтастай алғанда кәсіпорынның бағасы мен нақты негізгі капитал бағасының арасындағы айырмашылық ретіндегі болмашы негізгі капитал, активтер. Болмашы теріс актив кәсіпорынның сату және теңгерімдік құны арасындағы айырманы білдіреді.
Бап 2. 2-бап
Инвестицияларды көтермелеу және қорғау
2-бап
Инвестицияларды көтермелеу және қорғау
Тармақ 1
1. Әрбір Тарап өз аумағында екінші Тарап инвесторларын көтермелейді әрі олардың инвестициялары үшін қолайлы жағдай жасайды және өз мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес мұндай инвестицияларға рұқсат береді.
Тармақ 2
2. Әрбір Тарап өз мемлекетінің аумағында екінші Тарап мемлекеті инвесторларының инвестицияларына және инвестицияларынан түсетін кірістерге әділ және тең құқықты айналым, сондай-ақ толық, тұрақты қорғау мен қауіпсіздік береді.
Тармақ 3
3. Тараптардың ешқайсысы өз мемлекетінің аумағында екінші Тарап мемлекеті инвесторларының инвестицияларын ұлғайтуға, басқаруға, сақтауға, пайдалануға, иеленуге, сатуға немесе басқаша билік етуге негізсіз, кемсіту немесе еріксіз шаралармен кедергі келтірмейді.
Бап 3. 3-бап
Құқықтық режим
3-бап
Құқықтық режим
Тармақ 1
1. Әрбір Тарап екінші Тараптың инвесторларына, олардың инвестициялары мен инвестициялардан түсетін кірістеріне ол ұлттық инвесторларға ие үшінші елдердің инвесторлары мен олардың инвестицияларына инвестицияларды кеңейтуге, басқаруға, қолдауға, пайдалануға, иелік етуге, сатуға немесе басқа да билік етуге қатысты ұсынатын режимнен қолайлылығы кем емес режимді ұсынады.
Тармақ 2
2. Осы Келісімнің әрбір Тарабы өз мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес инвесторлардың қызметі шектелетін және (немесе) жоққа шығарылатын саланы, қызмет аясы мен түрлерін айқындауға құқығын өзіне қалдырады.
Бап 4. 4-бап
Босату
4-бап
Босату
Осы Келісімнің ережелері Тарапты екінші Тарап мемлекетінің инвесторлары мен олардың инвестицияларына және инвестициялардан түсетін кірістеріне қазіргі немесе келешектегі кез келген режимнің пайдасын, преференцияны, немесе
Тармақша а
(а) еркін сауда аймағындағы, кеден одағының, валюта одағының, жалпы нарықтың және кез-келген Тарап мемлекеті қатысушысы болып табылатын және мұндай одақтарға немесе осындай ұйымдарға алып келетін кез келген халықаралық шарттың мүшелігінің;
Тармақша б
(б) кез келген халықаралық шарттың немесе Тарап мемлекетінің толық немесе басты түрде салық салуға қатысты ұлттық заңнамасының нәтижесі болып табылатын артықшылықты ұсынуға міндеттеу ретінде түсіндірілмеуі тиіс.
Бап 5. 5-бап
Экспроприация және өтемақы
5-бап
Экспроприация және өтемақы
Тармақ 1
1. Кез келген Тарап екінші Тарап мемлекеті инвесторының инвестицияларын тікелей немесе жанама экспроприациялауға немесе мемлекет иелігіне алуға немесе:
Тармақша а
(а) мемлекеттік және қоғамдық мақсатта;
Тармақша б
(б) кемсітпеушілік тәсілмен;
Тармақша в
(в) тиісті заңды рәсімге сәйкес;
Тармақша г
(г) осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес алдын-ала, барабар және тиімді өтемақы төлей отырып қабылданатындарды қоспағанда, кез келген мұндай шараларды (бұдан әрі - экспроприация) қабылдауға тиіс емес.
Тармақ 2
2. Өтемақы:
Тармақша а
(а) кідіріссіз төленуі тиіс. Кідіріс болған жағдайда, бұл кідірістің нәтижесі болып табылатын валюта бағамына байланысты кез келген залалды қабылдаушы Тарап көтереді;
Тармақша б
(б) экспроприациялауды жүзеге асыру күнінің алдындағы күнгі экспроприацияланған инвестициялардың әділ нарықтық құнына теңесуі тиіс. Әділ нарықтық құн экспроприация туралы бұрын көпшілікке белгілі болуы салдарынан құнның қандай да бір өзгерісін көрсетпеуі;
Тармақша в
(в) толық сатылатын және еркін аударылатын болуы;
Тармақша г
(г) экспроприациялау күнінен бастап нақты төлем күніне дейін төлем валютасы үшін нарықтық негізде белгіленген коммерциялық ставка бойынша пайызды қамтуы тиіс.
Тармақ 3
3. Екінші Тараптың экспроприациясынан зардап шеккені туралы мәлімдеген кез келген Тарап мемлекетінің инвесторы осы баптың ережелеріне сәйкес оның инвестицияларын бағалау мен өтемақы төлеуді қоса алғанда, оның ісін соңғы Тарап мемлекетінің сот органының немесе басқа да құзыретті және тәуелсіз органының жедел қайта қарауына құқығы болуы тиіс.
Бап 6. 6-бап
Залалдарды өтеу
6-бап
Залалдарды өтеу
Тармақ 1
1. Екінші Тарап мемлекетінің аумағындағы соғыстың немесе басқа да қарулы қақтығыстардың, төтенше жағдай жай-күйінің, төңкерістің, көтерілістің, бас көтерудің салдарынан инвестициялары залал шеккен бір Тараптың инвесторларына соңғы Тарап мемлекетінің реституцияға, өтеуге, өтемақыға немесе басқа да реттеуге қатысты, соңғы Тарап өз инвесторларына немесе инвестор үшін неғұрлым қолайлы болып табылатын кез келген үшінші мемлекеттік инвесторларына ұсынатындарынан қолайлылығы немесе режим ұсынады.
Тармақ 2
2. 1-тармақта айтылған жағдайдың кез келгенінде:
Тармақша а
(а) екінші Тарап күштерінің немесе билігінің оның инвестицияларын немесе олардың бөліктерін тәркілеуі;
Тармақша б
(б) жағдайдың қажеттілігімен талап етілмеген, екінші Тарап күштерінің немесе билігінің инвестицияларды немесе олардың бөліктерін бұзуы салдарынан залал шеккен Тараптың кез келген инвесторына кез келген жағдайда соңғы Тарап тез, барабар және тиімді болатын реституция немесе өтемақы ұсынуы тиіс. Бұл ретте өтемақы 5-баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Бап 7. 7-бап
Аударымдар
7-бап
Аударымдар
Тармақ 1
1. Әрбір Тарап өз мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес екінші Тарап мемлекетінің инвесторларына өз аумағына және одан олардың инвестициялары мен инвестицияларға қатысты аударылатын төлемдер аударымын қамтамасыз етеді. Мұндай төлемдер атап айтқанда, бірақ айрықша емес мыналарды қамтиды:
Тармақша а
(а) салымды ұстауға немесе ұлғайтуға арналған бастапқы капитал және қосымша сомалар;
Тармақша б
(б) кірістер;
Тармақша в
(в) инвестицияларды толық немесе ішінара сатудан немесе жоюдан алынған түсім;
Тармақша г
(г) несие төлемін қоса алғанда, келісім-шартқа сәйкес жүзеге асырылатын төлемдер;
Тармақша д
(д) 5 және 6-баптарға сәйкес төленетін өтемақы;
Тармақша е
(е) даудан туындайтын төлемдер;
Тармақша ж
(ж) шет елде жалға алынған және инвестициялармен байланысты жұмыс істейтін персоналға жалақы және басқа да сыйақылар.
Тармақ 2
2. Әрбір Тарап осы баптың 1-тармағында айтылған аударымды аумағында инвестиция жүзеге асырылған Тарап мемлекетінің аударым күні қолданыстағы нарықтық валюта бағамы бойынша еркін айырбасталатын валютамен жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Шетел валютасы үшін айырбас нарығы болмаған кезде валютаны Халықаралық валюта қорының арнайы қарыз алу құқығына аударуға арналған ең соңғы валюта бағамы қолданылатын бағам болуы тиіс.
Тармақ 4
4. Кез келген Тарап әділ, кемсітушіліксіз және өз мемлекетінің:
Тармақша а
(а) банкроттыққа, төлем қабілетсіздігіне немесе кредиторлардың құқықтарын қорғауға;
Тармақша б
(б) бағалы қағаздарды, туынды қаржылық құралдарды шығаруға, сатуға немесе олармен жасалатын және операцияларға;
Тармақша в
(в) құқық бұзушылықтарға;
Тармақша г
(г) қаржылық есеп беруге немесе заңды жүзеге асыруға немесе қаржылық бақылау органдарына жәрдемдесу қажет аударымдар есебін жүргізуге;
Тармақша д
(д) сот немесе әкімшілік процестерде бұйрықтарды немесе сот шешімдерін орындауды қамтамасыз етуге;
Тармақша е
(е) салықтарды немесе басқа міндетті төлемдерді төлеуге қатысты заңнамасын адал қолдану жолымен осы баптың 1, 2 және 3-тармақтары үшін залалсыз аударымды шектей алады.
Бап 8. 8-бап
Суброгация
8-бап
Суброгация
Егер Тарап немесе оның уәкілетті органы екінші Тарап мемлекетінің аумағында инвестордың инвестицияларына қатысты берілген өтемге, кепілдіктерге немесе сақтандыру келісім-шартына сәйкес төлемдерді жүзеге асырса, соңғы Тарап мұндай инвестордың кез келген құқықтары мен талаптарының бірінші Тарапқа немесе ол айқындаған органға суброгация үшін кез келген құқықтар мен талаптарды алдыңғыдағыдай шамада жүзеге асыру үшін ауысуын мойындауы тиіс.
Бап 9. 9-бап
Инвестор мен Тарап арасындағы даулар
9-бап
Инвестор мен Тарап арасындағы даулар
Тармақ 1
1. Бір Тарап мемлекеті мен екінші Тарап мемлекеті инвесторының арасындағы инвестицияларға қатысты кез келген дау мүмкіндігінше келіссөздер арқылы реттелуге тиіс.
Тармақ 2
2. Егер дау жазбаша нысанда туындаған күннен бастап 3 айдың ішінде шешілмесе, дау инвестордың немесе Тараптардың бірінің таңдауы бойынша:
Тармақша а
(а) аумағында инвестициялар жүзеге асырылған Тарап мемлекетінің құзыретті сотының; немесе
Тармақша б
(б) 1965 жылғы 18 наурызда Вашингтон қаласында қол қою үшін ашылған, Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғаларының арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы конвенцияға сәйкес құрылған Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (бұдан әрі - Халықаралық орталық) төрелік сотының; немесе
Тармақша в
(в) егер Тараптардың бірі ғана осы тармақтың (б) тармақшасында көрсетілген Конвенцияның қатысушысы болып табылса, Халықаралық соттың қосымша қызметтеріне сәйкес төрелік соттың; немесе
Тармақша г
(г) егер даудағы тараптар өзгеше келіспесе, Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) төрелік ережелеріне сәйкес құрылатын кез келген «аd hоc» төрелік сотының қарауына жіберілуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Дауды ұлттық соттың қарауына жіберген инвестор, егер ұлттық соттың қарау мәні бойынша шешім шығарылғанға дейін инвестор ұлттық сот рәсімдері арқылы істі одан әрі жалғастырмайтындығын жарияласа және істі қайтарып алса, осы баптың 2-тармағының (б) тармақшасында немесе 2-тармақтың (в) тармақшасында айтылған төрелік трибуналдардың біріне жүгінуіне болады.
Тармақ 4
4. Кез келген төрелік сот осы бапқа сәйкес даудағы кез Тараптың сұрауы бойынша 1958 жылғы 10 маусымда Нью-Йорк қаласында қабылданған Шетелдік төреліктің шешімдерін тану және орындауға келтіру туралы конвенцияның (бұдан әрі - Нью-Йорк конвенциясы) қатысушы болып табылатын мемлекетте жүргізілуі тиіс. Осы бапқа сай төрелікке ұсынылған талаптар Нью-Йорк конвенциясының 1-бабының мақсаттары үшін коммерциялық (сауда) қатынастарынан немесе шарттардан туындаған ретінде қаралуға тиіс.
Тармақ 5
5. Әрбір Тарап осымен осы бапқа сәйкес өзінің және басқа Тарап мемлекетінің инвесторы арасындағы дауды төрелікке ұсынуға өзінің сөзсіз келісімін береді.
Тармақ 6
6. Даудың қатысушысы болып табылатын Тараптардың бір де біреуі төрелік рәсімдерінің немесе төрелік шешімін орындаудың кез келген кезеңінде қарсылығын білдіре немесе даудың тарабы болып табылатын инвестор сақтандыру үшін шығынының бөлігін немесе барлығын жабатын өтем алу фактісін көрсете алмайды.
Тармақ 7
7. Шешім даудағы тараптар үшін түпкілікті және міндетті болуы тиіс және аумағында Тараптың құзыретті органы шешімді жүзеге асыратын Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес орындауға келтіруі тиіс.
Бап 10. 10-бап
Тараптар арасындағы дауларды шешу
10-бап
Тараптар арасындағы дауларды шешу
Тармақ 1
1. Тараптар арасындағы осы Келісімді түсіндіруге және қолдануға қатысты даулар мүмкіндігінше келіссөздер және консультациялар жолымен шешілуге тиіс.
Тармақ 2
2. Егер дау бұлайша шешілмесе, мұндай келіссөздерді кез келген Тарап жазбаша түрде сұрау салған күннен бастап алты (6) ай ішінде Тараптардың кез келгенінің талабы бойынша ол төрелік соттың қарауына берілуге тиіс.
Тармақ 3
3. Мұндай төрелік сот әрбір жеке іс үшін мынадай үлгіде құрылуы тиіс. Төрелік туралы өтінішті алғаннан кейін екі (2) ай ішінде әрбір Тарап соттың бір мүшесін тағайындайды. Содан соң бұл екі мүше Тараптар мақұлдағаннан кейін басқа екі мүше тағайындалған күннен бастап төрт (4) ай ішінде тағайындалуы тиіс үшінші мемлекеттің азаматын Төраға етіп сайлауы тиіс.
Тармақ 4
4. Егер осы баптың 3-тармағында белгіленген кезең ішінде қажетті тағайындаулар жасалмаса, кез келген Тарап, басқа кез келген келісім болмағанда, қажетті тағайындау жасауға БҰҰ Халықаралық сотының Төрағасын шақырады. Егер Төраға Тараптар мемлекетінің кез келгенінің азаматы болып табылса немесе көрсетілген функцияны орындауға өзге де жағдайлар кедергі келтірсе, онда БҰҰ Халықаралық сотының Тараптар мемлекетінің кез келгенінің азаматы болып табылмайтын немесе көрсетілген функцияны орындауға өзге жағдай кедергі келтірмейтін жоғарылығы бойынша келесі мүшесі қажетті тағайындау жасау үшін шақырылуға тиіс.
Тармақ 5
5. Төрелік сот шешімді көпшілік дауыспен қабылдауы тиіс. Соттың шешімі екі Тарап үшін де ақырғы және міндетті болуы тиіс. Әрбір Тарап өзі тағайындаған мүшенің және төрелік процесіндегі өкілдігінің шығыстарын көтереді. Екі Тарап Төрағаның шығыстарын, сондай-ақ басқа да шығыстарды тең үлесте көтереді. Сот шығыстарды бөлуге қатысты басқа шешім қабылдай алады. Барлық басқа қатынастарда төрелік сот рәсімінің өзіне тән ережелерін айқындайды.
Тармақ 6
6. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген дауға қатысты даулы мәселелер осы Келісімнің ережелеріне және халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттарына сәйкес шешілуге тиіс.
Бап 11. 11-бап
Шығыстар
11-бап
Шығыстар
Тараптар өздерінің осы Келісімді орындауы барысында туындайтын шығыстарды егер әрбір нақты жағдайда өзге тәртіп келісілмесе, Тараптар мемлекетінің ұлттық заңнамасында көзделген қаражат шегінде дербес көтереді.
Бап 12. 12-бап
Басқа ережелер мен арнайы міндеттемелерді қолдану
12-бап
Басқа ережелер мен арнайы міндеттемелерді қолдану
Тармақ 1
1. Егер кез келген Тарап мемлекеті құқығының халықаралық шарттардың ережелері жалпы немесе екінші Тарап мемлекетінің инвесторлары жүзеге асырған инвестицияларға осы Келісімде ұсынылатыннан неғұрлым қолайлы режим ұсынатын ерекше ережелерді қамтыса, онда соңғы Тарап мемлекетінің инвесторы неғұрлым қолайлы режим ұсынады.
Тармақ 2
2. Әрбір Тарап екінші Тарап мемлекеті инвесторының белгілі инвестициясына қатысты алуы мүмкін кез келген міндеттемені сақтауы тиіс.
Бап 13. 13-бап
Осы келісімнің қолданушылығы
13-бап
Осы келісімнің қолданушылығы
Осы Келісім кез келген Тарап мемлекеті инвесторларының екінші Тарап аумағында, осы Келісім күшіне енгізілгенге дейін де, сондай-ақ одан кейін де жүзеге асырған барлық инвестицияларға қолданылады, бірақ осы Келісім күшіне енгізілгенге дейін туындаған және (немесе) реттелген инвестицияларға қатысты кез келген дауға немесе талапқа қолданылмауы тиіс.
Бап 14. 14-бап
Жалпы ерекшеліктер
14-бап
Жалпы ерекшеліктер
Тармақ 1
1. Осы Келісімде ештеңе Тараптардың бірінің ұлттық қауіпсіздікті сақтау үшін қажетті іс-қимылдарды немесе жария тәртіпті қолдауға арналған шараларды, мұндай шараларды Тараптардың еркін немесе негізсіз кемсітушілік нысандарымен жасырын инвестициялық шектеулермен қолданбауы шартымен, жүзеге асыруға кедергі келтіретін ретінде түсіндірілуі тиіс емес.
Тармақ 2
2. Осы баптың ережелері осы Келісімнің 7-бабы 1-тармағының (д) тармақшасына қолданылмауы тиіс.
Бап 15. 15-бап
Транспаренттілік
15-бап
Транспаренттілік
Тармақ 1
1. Әрбір Тарап өзінің екінші Тарап мемлекеті инвесторының реципиент-мемлекеттің аумағындағы инвестицияларына қатысты болуы мүмкін заңдарын және ережелерін, сондай-ақ халықаралық шарттарын кідіріссіз жариялауға, немесе өзге де түрде көпшілікке қол жетімді етуге тиіс.
Тармақ 2
2. Осы Келісімде ештеңе инвесторлар мен олардың инвестицияларына қатысты, оны ашу құқығын қолдануға кедергі жасайтын немесе құпиялықты қорғайтын оның құқығына қайшы келетін немесе жекелеген инвесторлардың заңды мүдделеріне залал келтіретін ақпаратты қоса алғанда, Тараптан кез келген құпия немесе меншікті құрайтын ақпарат ұсынуды немесе оған қол жеткізуге рұқсат беруді талап етпеуі тиіс.
Бап 16. 16-бап
Консультациялар
16-бап
Консультациялар
Тараптар Тараптардың кез келгенінің сұрауы бойынша осы Келісімді түсіндіру мен қолдануға қатысты кез келген даулы мәселе бойынша консультациялар жүргізеді. Консультациялар жүргізетін орын мен оның уақыты дипломатиялық арналар бойынша Тараптардың құзыретті органдарымен келісіледі.
Бап 17. 17-бап
Өзгерістер енгізу, күшіне енуі және қолданылуын тоқтату
17-бап
Өзгерістер енгізу, күшіне енуі және қолданылуын тоқтату
Тармақ 1
1. Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаны туралы дипломатиялық арналар бойынша соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап екінші айдың бірінші күнінен бастап күшіне енеді және белгіленбеген мерзімде қолданыста болады.
Тармақ 3
3. Осы Келісім бір Тарап екінші Тараптың осы Келісімнің қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап он екі ай өткенге дейін қолданыста болады.
Тармақ 4
4. Осы Келісім тоқтатылғанға дейін жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты 1-16-баптардың ережелері осы Келісім тоқтатылған күннен бастап кейінгі 10 жыл кезеңде күшінде қалады.
2006 жылғы 6 қарашада Астана қаласында әрқайсысы қазақ, армян және орыс тілдерінде екі данада жасалды, барлық мәтіндер тең дәлме-дәл болып табылады. Осы Келісімнің ережелері әртүрлі түсіндірілген жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Армения Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
2006 жылғы 6 қарашада Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы Келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық-құқық департаментінің
Басқарма бастығы Ж. Бұхбантаев