О переименовании улицы в селе Алексеевка Қолданыста
Басқа 0
Алексеевка ауылының көше атауын қайта өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылғысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына және тұрғындардың пікірін ескере отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Алексеевка ауылындағы "Новая" көшесінің атауын "Достық" көшесі атауына қайта өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық ономастикалық комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.