Переметный ауылдық округінің Калинин ауылындағы "Карл Маркс" көшесінің атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын, аудандық ардагерлер кеңесі хатын, Калинин ауылы тұрғындарының сұрауын, тұрғындар жиналысының 2010 жылғы 17 сәуірдегі № 8 хаттамасын және аудандық ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 7 мамырдағы № 1 хаттамасын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Переметный ауылдық округінің Калинин ауылындағы "Карл Маркс" көшесінің атауын өзгерту туралы от 07.05.2010 г. № 18 (Переметный ауылдық округінің Калинин ауылындағы "Карл Маркс" көшесінің атауын өзгерту туралы)
0
1
1. Переметный ауылдық округіндегі Калинин ауылындағы "Карл Маркс" көшесінің атауы "Сәлімгерей Қожекенов атындағы көше" болып өзгертілсін.
2
2. Осы шешімнің орындалуы Переметный ауылдық округі әкімі аппаратына жүктелсін.
3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.