Об утверждении Правил регистрации в уполномоченном органе заключенных пользователем животного мира договоров с физическими и юридическими лицами на пользование животным миром и предоставлении информации об их расторжении Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жануарлар дүниесін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан шарттарын уәкілетті органда тіркеу және оларды бұзу туралы ақпарат беру Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Жануарлар дүниесін пайдаланушылар жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасалған келісім шарттарды тіркеу және келісім шарттарды бұзу жөніндегі ақпараттарды уәкілетті органға ұсыну туралы Ережелері бекітілсін (бұдан әрі - Ережелер).
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жануарлар дүниесін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан шарттарын уәкілетті органда тіркеу және оларды бұзу туралы ақпарат беру Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 250 бұйрығымен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан шарттарын уәкілетті органда тіркеу және оларды бұзу туралы ақпарат беру Ережесін бекіту туралы
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелер жануарлар дүниесін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан шарттарын уәкілетті органда тіркеу және оларды бұзу туралы ақпарат беру ретін анықтайды және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының негізінде әзірленген.
Тармақ 2
2. Жануарлар дүниесін пайдаланушылары мен жеке және заңды тұлғалар арасындағы жануарлар дүниесін пайдалану шарттарын (бұдан әрі – шарт) тіркеуді аңшылық алқаптар орналасқан жері бойынша жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – инспекция) жүргізеді.
Тармақ 3
3. Жануарлар дүниесінің объектілерін пайдалану үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарлары пайдаланушыларымен жеке және заңды тұлғалар арасында бекітілетін шарттар тіркеуге жатады.
Тармақ 2. 2. Шарттарды тіркеу
2. Шарттарды тіркеу
Тармақ 4
4. Пайдаланушы жануарлар дүниесінің объектілерін пайдалану үшін жеке және заңды тұлғалар арасында шарт бекітілгеннен кейін он жұмыс күн барысында Инспекцияға осы Ережелерге қосымшаға сәйкес нысанасы бойынша өтініш береді.
Тармақ 5
5. Өтінішке келесі құжаттар қосымша беріледі:
Тармақша 1
1) шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
Тармақша 2
2) шартты бекіткен тұлғалардың мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің көшірмелері, заңнамамен бекіткен тәртіп бойынша куәландырылған (заңды тұлғалар үшін);
Тармақша 3
3) жеке куәлігінің көшірмесі (жеке тұлғалар үшін).
Тармақ 6
6. Мемлекеттік тіркеудің ресми растауы жануарлар дүниесін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан шарттарын тіркейтін Журналына мәліметтерді енгізу болып табылады. Тіркеу өтініш білдірген күннен бастап 2 жұмыс күн ішінде жасалады.
Тармақ 7
7. Өтініш беруші осы Ережедегі 5 тармақта көрсетілген қажетті толық құжаттар пакетін бермеген жағдайда тіркеу жасалмайды. Тіркеуді жасамау туралы шешім өтініш берушіге 2 жұмыс күн ішінде жазбаша түрде хабарланады.
Тармақ 3. 3. Қорытынды ережелер
3. Қорытынды ережелер
Тармақ 8
8. Жануарлар дүниесін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан шарттары бұзылған жағдайда, 10 жұмыс күн ішінде жазбаша ақпаратты Инспекцияға жолдайды.
Тармақ 4. 4. Шағымды қарау тәртібі
4. Шағымды қарау тәртібі
Тармақ 9
9. Егер жануарлар дүниесін пайдалану шартын осы Ережеде бекітілген мерзімде тіркеу жүргізілмесе, жануарлар дүниесін пайдаланушы уәкілетті органға жазбаша түрде шағым жібере алады. Қабылданған шағым есепке алу және шағымдар журналында тіркеліп, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес тыңдау тәртібін көздей отырып, ӘРПК 13-тарауында белгіленген мерзімдерде қаралады. Шағымды қарастыру нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады. Уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, пайдаланушы берілген шешімге жоғарғы тұрған органға немесе сотқа шағымдануына болады.
Басқа 0
Жануарлар дүниесінің объектілерін пайдалану үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарлары пайдаланушыларымен жеке және заңды тұлғалар арасында шарттарды тіркеу Ережелеріне Қосымша Нысан Ба­стығ­ы­на _________________________________________________________ _______________________________________________________________­_­_­__ (Те­гі, ини­ци­ал­дар) _______________________________________________________________­_­_­__ (же­ке тұл­ға үшін - те­гі, аты, әке­сі­нің аты, _______________________________________________________________­_­_­__ тұ­ра­тын ор­ны; заң­ды тұл­ға үшін – заң­ды тұл­ға­ның ата­уы, _______________________________________________________________­_­_­__ тұ­ра­тын же­рі) те­ле­фон: _________________ Өті­ніш Мен (Біз) _________________________________________________________ (же­ке тұл­ға үшін - те­гі, аты, әке­сі­нің аты _______________________________________________________________­_­_­__ заң­ды тұл­ға үшін - ата­уы) _______________________________________________________________­_­_­__ _______________________________________________________________­_­_­__ (те­гі, аты, әке­сі­нің аты неме­се то­лық ата­уы және банк рек­ви­зит­та­ры) _______________________________________________________________­_­_­__ бе­кіт­кен ба­лық ре­сур­ста­рын пай­да­ла­ну үшін шар­тты тір­ке­уді өті­не­мін (өті­не­міз) Өті­ніш­ке қо­сым­ша бе­рі­ле­ді 1. __________________ 2. __________________ 3. __________________ «___» 20______ жы­лы ____________________ (өті­ніш бе­ру­ші­нің қо­лы)