О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне /жалпы бөлiм/ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274, 277-құжаттар; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар):
Тармақша 1
1) 41-баптың 4-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: "Егер осы Кодексте немесе заңды тұлғалардың жекелеген түрлерi туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шартта құрылтайшылар арасында таза табысты бөлудiң, заңды тұлға қызметiн басқарудың, оның құрамынан құрылтайшылардың шығуының шарттары мен тәртiбi де белгiленедi және оның жарғысы бекiтiледi."
Тармақша 2
2) 60-баптың 3-тармағындағы "басқару" деген сөз алып тасталсын;
Тармақша 3
3) 77-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
"Осы ережеден өзгеше жағдайлар осы Кодексте және заң актiлерiнде көзделуi мүмкiн.";
екiншi бөлiктегi "төлемеген" деген сөз "салмаған" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың саны елуден аспауға тиiс. Егер жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың саны елуден асып кеткен жағдайда, ол бiр жыл iшiнде бөлiнуге, не бөлiп шығарылуға, не өзге де шаруашылық серiктестiк немесе өндiрiстiк кооператив болып қайта құрылуға, ал бұл мерзiм өткен соң, егер қатысушылар саны елуге дейiн азайтылмаса, серiктестiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған органның немесе өзге мүдделi адамның өтiнiшi бойынша сот тәртiбiмен таратылуға жатады.";
4-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк өзге де шаруашылық серiктестiк немесе өндiрiстiк кооператив болып қайта құрылуға құқылы.";
Тармақша 4
4) 79-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Серiктестiк органдарының құзiретi, сондай-ақ олардың серiктестiк атынан шешiмдер қабылдау немесе әрекет ету тәртiбi осы Кодекске, заң актiлерiне және серiктестiк жарғысына сәйкес белгiленедi.";
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) серiктестiктiң атқарушы органын құру және оның өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi немесе оның мүлкiн сенiмгерлiк басқаруға беру туралы шешiм қабылдау және осындай беру шарттарын белгiлеу;";
5-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) серiктестiктiң байқау кеңесiн және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушiсiн) сайлау және өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ серiктестiк тексеру комиссиясының (тексерушiсiнiң) есептерi мен қорытындыларын бекiту;";
мынадай мазмұндағы 6) -9) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) iшкi ережелердi, оларды қабылдау рәсiмдерiн және серiктестiктiң iшкi қызметiн реттейтiн басқа да құжаттарды бекiту;
7) серiктестiктiң өзге де шаруашылық серiктестiктерге, сондай-ақ коммерциялық емес бiрлестiктерге қатысуы туралы шешiм шығару;
8) тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекiту;
9) осы Кодекстiң 82-бабына сәйкес жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қатысушысынан үлестi мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм шығару";
Тармақша 5
5) 81-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысында өзгеше көзделмесе, қатысушылардың жалпы жиналысы серiктестiк мүлкiне қатысушылардың қосымша жарналар енгiзуi туралы шешiм қабылдай алады. Шешiм серiктестiктiң барлық қатысушыларының төрттен үш көпшiлiк дауысымен қабылданады.";
Тармақша 6
6) 84-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "құрылтай құжаттарында" деген сөздер "жарғыда" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. "Шетелдiк инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24, 280-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 11, 143-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 17-18, 218-құжат):
Тармақша 1
1) 15-баптың атауы мен 1-5-тармақтарындағы, 22-баптың 1-тармағындағы "қорын", "қорға", "қор", "қорындағы", "қордың", "қорына" деген сөздер тиiсiнше "капиталын", "капиталға", "капитал", "капиталындағы", "капиталдың", "капиталына" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақша 2
2) 15-бапта:
2-тармақтағы "жарналар", "интеллектуалдық меншiкке құқықты" деген сөздер тиiсiнше "салымдар", "интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқықты" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiне тең сомадан асып кетсе, оны бағалауды тәуелсiз сарапшы растауға тиiс.".
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2198 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат):
Тармақша 1
1) 6-баптың екiншi бөлiгi алып тасталсын;
Тармақша 2
2) 7-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, тiркеушi органға жарғы табыс етiледi.".
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 7, 49-құжат; N 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 12, 183,184-құжаттар; N 13-14, 205,210-құжаттар):
Тармақша 1
1) Жарлықтың мәтiнiндегi "қор", "қорлар", "қоры", "қордың", "қормен", "қорға" деген сөздер тиiсiнше "капитал", "капиталдар" "капиталы", "капиталдың", "капиталмен", "капиталға" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақша 2
2) 4-баптың 5-тармағының бiрiншi бөлiгi "егер заң актiлерiнде өзгеше тәртiп көзделмесе" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 3
3) 6-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқықтар, оның iшiнде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқықтық және өзге де мүлiк болуы мүмкiн.
Жеке мүлiктiк емес құқықтар және өзге де материалдық емес игiлiктер түрiнде салымдар енгiзуге жол берiлмейдi.";
3-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлген жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтайшы құжаттарда көрсетiлген бүкiл мерзiмге есептелген пайдалану төлемiмен айқындалады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жарғылық капиталға құрылтайшылардың (қатысушылардың) заттай нысандағы немесе мүлiктiк құқықтар түрiндегi салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi балама сомадан асып кетсе, оны бағалауды тәуелсiз сарапшы растауға тиiс.";
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Жарғылық капиталға салымдар енгiзу тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ жарғылық капиталды құрау бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк заң актiлерiмен және (немесе) құрылтай құжаттарымен белгiленедi.";
Тармақша 4
4) 28-баптың 1-тармағындағы "заңмен белгiленген ең төменгi жүз есептiк көрсеткiш, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - елу есептiк көрсеткiш мөлшерiнен" деген сөздер "заңмен белгiленген елу есептiк көрсеткiш мөлшерiнен" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақша 5
5) 57-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiндегi "он мың" деген сөздер "екi жүз" деген сөздермен; "бес мың" деген сөздер "жүз" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақша 6
6) III және IV тараулар алып тасталсын, V тарау III тарау болып есептелсiн, 54-79-баптар тиiсiнше 37-62-баптар болып есептелсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi