Об установлении водоохранных зон и полос, режима их хозяйственного использования в пределах административных границ Алматинской области на реках Малая Алматинка, Каскелен, Талгар, Есик, Каратал и Коксу Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Кіші Алматы, Қаскелең, Талғар, Есік, Қаратал және Көксу өзендерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылыққа пайдалану режимі туралы Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 39, 116-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, "Су қорғау аймақтары және белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес, су объектілерін санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау үшін, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануының және сарқылуының алдын алу үшін, сонымен бірге жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтау мақсатында Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бекітілген жобаларға сәйкес, су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін:
Тармақша 1
1) Кіші Алматы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 2
2) Қаскелең өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 3
3) Талғар өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 4
4) Есік өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 5
5) Қаратал Алматы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 6
6) Көксу Алматы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 7
7) Кіші Алматы өзенінің 03-046-267-521 кадастрлық номері жер учаскісін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 8
8) Талғар өзенінің 03-051-146-199 кадастрлық номері жер участкісін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 9
9) Талғар өзенінің 03-051-146-474 кадастрлық номері жер участкісін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы.
Тармақша 10
10) Қаскелең өзенінің (оң жағалауы) 03-056-009-262 кадастрлық номері жер участкісін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 11
11) Қаратал өзенінің (сол жағалауы) 03-268-042-110 кадастрлық номері жер участкісін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы.
Тармақ 2
2. Су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шеңберінде шаруашылыққа пайдалану режимі 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалар негізінде су объектілерінің су қорғау аймақтары және белдеулерінің шекарасындағы жерлерде белгіленген үлгідегі су қорғау белгілерін орнату жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 4
4. Алматы облысының жер қатынастары жөніндегі басқармасы "Алматы жер ғылыми өндірістік орталығы" еншілес мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесе отырып, бекітілген жобаларға сәйкес су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасын картографиялық материалдарға түсірсін және жер-есепке алу құжаттарына өзгерістер енгізсін.
Тармақ 5
5. Еңбекшіқазақ, Ескелді, Іле, Қаратал, Қарасай, Кербұлақ, Көксу, Талғар, аудандарының және Қапшағай, Талдықорған, Текелі қалаларының әкімдері:
Тармақша 1
1) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің белгіленген шекарасын және оларды шаруашылықта пайдалану режимін осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап әрбір жер иеленушілерге жеткізсін;
Тармақша 2
2) жер телімдерін бөлген кезде, осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес уақытша пайдаланудағы су қорғау аймақтарын, белдеулерін және шаруашылыққа пайдалану режимін сақтасын;
Тармақша 3
3) тиісті пайдалану режимі сақталған жағдайда су қорғау аймақтары және белдеулері шегінде шаруашылық қызметін жүргізу үшін жер телімдерін бөлу, су объектілерінің ластануына, қоқыстануына және сарқылмауына жол бермеу шаралары, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардың қатаң келісімімен жүзеге асырсын;
Тармақ 6
6. Еңбекшіқазақ, Ескелді, Іле, Қаратал, Қарасай, Кербұлақ, Көксу, Талғар, аудандарының және Қапшағай, Талдықорған, Текелі қалаларының әкімдері және оларға бағынысты және меншік нысанына тәуелсіз кәсіпорын, ұйым және басқа да шаруашылық жүргізуші нысандардың басшылары пайдаланатын жерлердегі Алматы облысының Кіші Алматы, Қаскелең, Талғар, Есік, Қаратал және Көксу өзендерінің орналасқан су қорғау аймақтары және белдеулерінде:
Тармақша 1
1) су қорғау аймақтары және белдеулерінде орналасқан және олардың жағдайына зиянды әсер ететін нысандарды жою немесе бұзу жұмыстарын бекітілген жобаларға сәйкес жүргізсін;
Тармақша 2
2) шаруашылықта пайдалану режимінің бұзылмауы және тиісті санитарлық жағдайы, сондай-ақ су қорғау белгілерін сақтауды 1 қосымшаға сәйкес қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының (келісімімен) су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларының сақталуына, оларға белгіленген шаруашылық жүргізу қызметінің тәртібіне және ерекше қорғалатын су нысандарына бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Д. Досымбековқа жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 26
Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы "Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Кіші Алматы, Қаскелен, Талғар, Есік, Қаратал және Көксу өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылыққа пайдалану режимі туралы" N 60 қаулысына 1 қосымша Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі
Тармақ 1
1. Осы режим Қазақстан Республикасының Су Кодексіне, жер үсті су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін жобалау жөніндегі техникалық нұсқаулықтарға сәйкес және бекітілген жобалар негізінде әзірленді.
Тармақ 2
2. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
Тармақша 1
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
Тармақша 2
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
Тармақша 3
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
Тармақша 4
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
Тармақша 5
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
Тармақша 6
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Су қорғау аймақтарының шегінде:
Тармақша 1
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлы - эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 4
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін, сондай-ақ жер үсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 5
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
Тармақша 6
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
Тармақша 7
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.
Тармақ 4
4. Су объектілерінің және су шаруашылығы құрылыстарының су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі жер учаскелері шаруашылық жүргізу режимінің талаптарын сақтау шартымен, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жеке меншік және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға берілуі мүмкін.