Басқұншы ауылындағы Кеңес көшесінің атауын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Басқұншы ауылындағы Кеңес көшесінің атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес және аудан әкімі жанындағы қоғамдық ономастикалық кеңестің келісімі негізінде Басқұншы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Басқұншы ауылдық округінің Басқұншы ауылындағы Кеңес көшесінің атауы Қадыр Ізбасарұлы Қарабалаев деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Т.Күрдібаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.