Карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
ҚАЗКарантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 124
- Қабылданған күні
- 31.05.2010
- Көрсетілген редакция
- 15.07.2010 · қолданыстағы 53019_199105.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 15.07.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10ZH000110
- ЭКБ идентификаторы
- 53019
- Редакция идентификаторы
- 53019_199105
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:05
0 Карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 18 тармақшасын, "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағы 9 тармақшасын басшылыққа алып, Казталов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылы 31 мамырдағы №408 ұсынысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Казталов ауданы Қошанкөл ауылдық округінде ірі қара малынан қарасан ауруы шығуына байланысты және ауру ошағы деп танылғандықтан Қошанкөл ауылдық округінің Қошанкөл ауылы аумағына карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимін белгіленсін.
2
2. Карантиннің шарттары бойынша шараларды жүзеге асыру Қошанкөл ауылдық округінің әкімі А. Н. Шамуратовқа және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының бастығы А. Малаховқа (келісім бойынша) тапсыру ұсынылсын.
3 3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күннен кейін қолданысқа енгізілсін.
4 4. Қаулының орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
КЕЛІСІЛДІ:
ҚР Ауылшаруашлығы Министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешеніндегі
мемлекеттік инспекциясы
комитетінің Казталов аудандық
аумақтық инспекциясының бастығы
_____________Малахов Арген Сәбитұлы