Об утверждении Соглашения о сотрудничестве между Правительством Республики Казахстан и Правительством Французской Республики в области развития реального сектора экономики на инновационной основе Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Инновациялық негізде экономиканың нақты секторын дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2009 жылғы 6 қазанда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Инновациялық негізде экономиканың нақты секторын дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Инновациялық негізде экономиканың нақты секторын дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (2009 жылғы 6 қазанда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені, 2009 ж., № 5, 35-құжат, СІМ-нің ресми сайты)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Инновациялық негізде экономиканың нақты секторын дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (2009 жылғы 6 қазанда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені, 2009 ж., № 5, 35-құжат, СІМ-нің ресми сайты)
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі,
2008 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының мен Француз Республикасының арасындағы Стратегиялық ынтымақтастық туралы шартты назарға ала отырып,
Тараптар мемлекеттерінің құқықтарын кемсітпей, өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыру жолымен Қазақстан Республикасының мен Француз Республикасының арасындағы экономиканың нақты секторы саласындағы инновациялық негізде дамыту (тауарлармен, қызметтермен және жұмыс күшімен алмасу) мақсатында,
ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту екі ел экономикасының нақты секторын дамытуға жәрдемдесуде маңызды фактор болып табылатынын атап көрсете отырып,
Қазақстан Республикасының мен Француз Республикасының арасындағы қазіргі дәстүрлі достық қарым-қатынасты дамытуға ұмтыла отырып,
екі елдің технологиялары мен білімнің өзара трансфертін дамытудағы өзара іс-әрекетін кеңейтуге және нығайтуға, өндірістік кооперацияларды жандандыруға және инвестициялық қызмет пен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты көтермелеуге жалпы ұмтылысын назарға ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап Келісім мақсаты
1-бап Келісім мақсаты
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Инновациялық негізде экономиканың нақты секторын дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) мақсаты бірлескен кәсіпорындар құру, өзара тиімді инвестицияларды қолдау, ғылыми-техникалық әзірлемелердің нәтижелері, инновациялық инфрақұрылым элементтерінің мүмкіндіктері туралы өзектендірілген ақпаратты ұсыну, технологиялардың өзара тиімді трансфертін ұйымдастыру, экономиканың нақты секторы үшін, оның ішінде инновациялық қызмет саласындағы кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі іс-шараларды жүргізу арқылы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуды көтермелеу болып табылады.
Бап 2. 2-бап Ынтымақтастық салалары
2-бап Ынтымақтастық салалары
Осы Келісім шеңберінде Тараптар арасындағы ынтымақтастық мынадай салаларды қамтиды:
Тармақша а
а) энергияның дәстүрлі көздері;
Тармақша б
б) энергияның дәстүрлі емес көздері;
Тармақша в
в) мұнай-газ секторы;
Тармақша г
г) машина жасау;
Тармақша д
д) минералды шикізатты терең қайта өңдеу;
Тармақша в
в) көліктік, тау-кен-металлургиялық, ірі ауыл шаруашылық машиналарын жасау;
Тармақша ж
ж) биотехнология және фармацевтика.
Тармақша з
з) ақпараттық технологиялар салаларын қамтиды.
Бап 3. 3-бап Ынтымақтастық нысандары
3-бап Ынтымақтастық нысандары
Тармақ 1
1. Осы Келісімде қамтылған қызметтің барлық түрлері Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сай болуы және соған сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Тармақ 2
2. Осы Келісімнің 2-бабында айтылған салалардағы ынтымақтастық мынадай нысандарды қабылдауы мүмкін:
Тармақша а
а) бірлескен жобаларды іске асыру үшін ақпарат алмасу және өзара тиімді әлеуетті серіктестерді іздестіру;
Тармақша б
б) заңнамалық және құқықтық база ақпаратымен алмасу;
Тармақша в
в) ғылыми және техникалық ақпаратпен және деректермен алмасу;
Тармақша г
г) тараптар мемлекеттерінің аумағында өткізілетін симпозиумдарды, семинарларды және жұмыс топтарын ұйымдастыру;
Тармақша д
д) тиісті техникалық консультациялар мен қызметтерді ұсыну;
Тармақша е
е) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және өзара мүдделілікті білдіретін жобаларды іске асыру;
Тармақша ж
ж) ғылыми-техникалық кадрлармен алмасу;
Тармақша з
з) Қазақстан-Француз технологиялар трансферті орталығын құру;
Тармақша и
и) тараптардың келісімі бойынша ынтымақтастықтың басқа да нысандары.
Бап 4. 4-бап Ақпарат
4-бап Ақпарат
Тармақ 1
1. Тарап немесе мұндай ақпаратты берілген құзыретті орган мұндай ақпаратты пайдалану немесе таратуға қатысты шектеулер туралы алдын ала хабарлаған жағдайды қоспағанда, Тараптар олар осы Келісімнің ережелеріне сәйкес алмасқан кез келген ақпаратты еркін пайдаланады.
Тармақ 2
2. Тараптар зияткерлік меншік құқығын қорғау мақсатында қол қоюшы Тараптарға берілетін коммерциялық және өндірістік құпияларды қоса алғанда, таратылуына шектеу қойылған ақпараттың тиісінше қорғалуын қамтамасыз ету үшін өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес барлық қажетті шараларды қабылдайды. Осы Келісімнің шеңберінде зияткерлік меншік ретінде 1967 жылғы 14 шілдеде Стокгольмде қабылданған Бүкіл әлемдік зияткерлік меншік ұйымының Құрылтай конвенциясының 2-бабында берілген анықтама түсініледі.
Бап 5. 5-бап Қызметті қаржыландыру
5-бап Қызметті қаржыландыру
Егер әрбір нақты жағдайда өзгеше тәртіп келісілмесе, Тараптар осы Келісімді орындауға байланысты шығыстарды өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес көзделетін қаражат шегінде дербес көтереді.
Бап 6. 6-бап Құпия ақпаратпен алмасу
6-бап Құпия ақпаратпен алмасу
Тараптар арасындағы құпия ақпаратпен кез келген алмасу 2008 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 7. 7-бап Тараптар арасындағы даулар
7-бап Тараптар арасындағы даулар
Осы Келісімді түсіндіру немесе қолдану кезінде даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар мен келіссөздер жолымен шешеді.
Бап 8. 8-бап Осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу
8-бап Осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Осы Келісім Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін. Барлық өзгерістер мен толықтырулар бұдан әрі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын екі жақты қол қойылған хаттамалармен ресімделеді.
Бап 9. 9-бап Қолдану кезеңі
9-бап Қолдану кезеңі
Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 1 (бір) жыл мерзімге жасалады. Кейіннен Тараптардың бірі тиісті кезең аяқталғанға дейін кемінде 2 (екі) ай бұрын екінші Тарапқа өзінің Келісімнің қолданылуын ұзартпау ниеті туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарламаса, осы Келісімнің қолданылуы келесі жылдық кезеңдерге өздігінен ұзартылады.
Осы Келісімнің күшінің тоқтатылуы Тараптарды оның әрекет етуі кезінде қабылдаған міндеттемелерді орындауынан босатпайды.
2009 жылғы 6 қазанда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, француз және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін
Француз Республикасының Үкіметі үшін
Осымен 2009 жылғы 6 қазанда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Инновациялық негізде экономиканың нақты секторын дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.