О переименовании улиц села Железинка Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Железинка селосының көшелерінің атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес және Железинка селосы тұрғындарының пікірлерін есепке ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Железинка селосы қөшелерінің атаулары өзгертілсін: Щорс көшесі Михаил Иванович Трусов атындағы көшесіне; Куйбышев көшесі Жылқыбай Қайыргелдіұлы Жұсіпов атындағы көшесіне; Әуезов көшесі (бұрынғы автокөлік кәсіпорынның ауданы) Автотранспортная көшесіне; Садовая көшесі (бұрынғы нан қабылдау пунктінің ауданы) Речная көшесіне; Ш. Уәлиханов көшесі (шошқа фермасы ауданы) Еңбек көшесіне.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.