Талғар ауданы Нұра ауылдық округінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Талғар ауданы Нұра ауылдық округінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, “Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Талғар ауданы елді мекендер жерінің құрамына елді мекендерді кеңейтуге және осыған байланысты қоса беріліп отырған схемалық карталарға сәйкес, төмендегі Нұра ауылдық округінің шекарасы (шегі) мынадай болып өзгертілсін: Нұра ауылдық округінің Нұра ауылы елді мекенінің шекарасына барлығы 100 гектар жер аумағы енгізілсін.
Тармақ 2
2. “Талғар аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі қосылған жер учаскелеріне белгіленген тәртіппен қала құрылыс құжаттарын дайындасын.
Тармақ 3
3. “Талғар аудандық жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі қолданылып жүрген есеп құжаттамаларына өзгертулер енгізсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.