Талғар ауданы елді мекендерінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Талғар ауданы елді мекендерінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, “Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Талғар ауданы елді мекендер жерінің құрамына елді мекендерді кеңейтуге және осыған байланысты қоса беріліп отырған схемалық карталарға сәйкес, төмендегі Талғар аудан елді мекендерінің шекаралары (шегі) мынадай болып өзгертілсін:
Алатау ауылдық округінің елді мекендерінің шекарасына барлығы 7,66 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Рысқұлов ауылына – 7,66 гектар,
Гүлдала ауылдық округінің елді мекендерінің шекарасына барлығы 3,4 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Әлмерек ауылына – 3,4 гектар,
Кеңдала ауылдық округінің елді мекендерінің шекарасына барлығы 5,2 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Кеңдала ауылына – 5,2 гектар,
Көктөбе ауылдық округінің елді мекендерінің шекарасына барлығы 4,76 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Ақтөбе ауылына – 1,21 гектар, Көлсай ауылына – 3,55 гектар.
Тармақ 2
2. “Талғар аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі қосылған жер учаскелеріне белгіленген тәртіппен қала құрылыс құжаттарын дайындасын.
Тармақ 3
3. “Талғар аудандық жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі қолданылып жүрген есеп құжаттамаларына өзгертулер енгізсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.