Қарасу селолық округіне қарасты Қарасай ауылындағы көшелерге атау беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Қарасу селолық округіне қарасты Қарасай ауылындағы көшелерге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, аудандық қоғамдық ономастика кеңесінің келісіміне сәйкес Қарасу селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарасу селолық округіне қарасты Қарасай ауылының орталық көшесіне Таймерден Изенбаев және осы ауылдағы жаңа көшелерге «Жетісу», «Жеңіс», «Ақтасты», «Тәуелсіздік», «Үшқоңыр», «Достық» деп аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.