Шолаққарғалы селолық округіне қарасты Үмбетәлі ауылындағы көшенің атауын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шолаққарғалы селолық округіне қарасты Үмбетәлі ауылындағы көшенің атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, Жамбыл аудандық ономастика кеңесінің келісімін ескере отырып, Шолаққарғалы селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы Жамбыл ауданы Шолаққарғалы селолық округіне қарасты Үмбетәлі ауылындағы Набережная атындағы көшенің атауы Әсімхан Қосбасарұлы атындағы көшесі деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.