Қабанбай ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Қабанбай ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімінің негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қабанбай ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қабанбай ауылындағы Горбатов көшесі Қорқыт ата, Партизан көшесі Тәттімбет Қазанғапұлы, Ленин көшесі Наурызбай батыр, Советская көшесі Балуан Шолақ, Интернациональная көшесі Ескелді би, Лопатин көшесі Ғакиф Хусаинов көше атауларына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Қабанбай ауылындағы Юбилейный шағын ауданы Зейнеп Қойшыбаева шағын ауданы, Восточный шағын ауданы Ербол Сыпатаев шағын аудан атауларына өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Қабанбай ауылдық округ әкімінің орынбасары Резеда Изатуловна Хусаиноваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.