Ақтүбек ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтүбек ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде, сондай-ақ тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ақтүбек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтүбек ауылындағы "Ленин" көшесі Қарасай батыр, "Крупская" көшесі Мәншүк Мәметова көшесі атауларына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу, Ақтүбек ауылдық округінің әкімшілік аппаратында іс қағаздарын жүргізу жөніндегі бас маман Жанар Мухаметжановаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.