Тоқжайлау ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Тоқжайлау ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Тоқжайлау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тоқжайлау ауылындағы Куйбышев көшесі Дәнеш Рақышев, Центральная көшесі Бөгенбай батыр, Калинин көшесі Нүркен Әбдіров, Заречная көшесі Қасым Аманжолов, Чапаев көшесі Ер Тарғын, Киров көшесі Қарасай батыр, Дзержинск көшесі Иса Байзақов көшесі атауларына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу, Тоқжайлау ауылдық округінің бас маманы Ботагүл Қапсаметқызы Темірбаеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.