Бескөл ауылдық округіндегі көше атауларын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бескөл ауылдық округіндегі көше атауларын өзгерту туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Бескөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бескөл ауылдық округіне қарасты:
Тармақша 1
1) Бұлақты ауылындағы Гагарин көшесі Ілияс Жансүгіров, Октябрьская көшесі Қажымұқан Мұңайтпасов, Арычная көшесі Ерғали Қайырұлы, Пролетарская көшесі Қатықбай Нүсіпұлы;
Тармақша 2
2) Бескөл бекетіндегі Арычная көшесі Әмірхан Қабанбаев;
Тармақша 3
3) Қант зауыты елді мекеніндегі Заводская көшесі Рашида Маманова;
Тармақша 4
4) Заготзерно елді мекеніндегі Ворошилова көшесі Мұқан Баекенов көшесі атауларына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Бескөл ауылдық округі әкімінің орынбасары Серікжан Нұрғазыұлы Атажановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.